"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"БП Ақмола бөлімшесі" (НОД-1) филиалының Астана пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-11)Атбасар тепловоз машинисінің көмекшісі
- Құрылған күні:
- 08.11.2024
- Берілген өтінім:
- 13
- Қаралған саны:
- 312
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- ПТЭ,ИДП,ИСИ талаптарын, жылжымалы құрамның тежегіштерін басқару жөніндегі нұсқаулықтарды, поездар қозғалысы қауіпсіздігі материалдарын,уәкілетті органнның, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Серіктестіктің локомотив бригадалары жұмыскерлерінінң міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша басқа да нормативтік актілері мен құжаттарын, сондай-ақ ТПС-тегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың және осы Ереженің талаптарын білуге және орындауға;
- белгілеген тәртіппен ауысым алдындағы(рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық тексеруден, сондай-ақ мерзімді медициналық тесеруден өтуге;
- жұмысқа әр шыққан сайын локомотив бригадалары жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша жаңадан келіп түскен материалдармен, сондай-ақ поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі материалдармен қол қою арқылы танысуға;
- локомотивтің (МВПС) тораптары мен бөлшектеріне қызмет көрсету жөніндегі талаптарды, қызмет көрсетілетін учаскенің бейінін, онда тұрақты сигналдардың, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің орналасуын және олардың мақсатын, сондай-ак теміржол өткелдері мен басқа да жасанды құрылыстардың орналасқан жерін білуге және сақтауға;
- кәсіпорын бойынша ауысымдық кезекшілердің және осы учаскеге қызмет көрсететін нұсқаушы машинистердің жедел өкімдерін орындауға;
- локомотивті (МВПС) қабылдау және тапсыру кезінде, сондай-ақ жүру жолында тұрақтау кезінде нормативтік құжаттар мен жергілікті нұсқаулықтардың белгіленген талаптарын қатаң сақтай отырып, оған техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге;
- сыбайлас жемкорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға.
- Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша орта (техникалық және кәсіптік), арнайы дайындық
- Мамандығы: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
- Жұмыс тәжірибесі: тәжірибеге қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж