сигнализация орталықтандыру және блоктау құрылғыларын күту және жөндеу жөніндегі электрмонтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Техникалық күту және басқа да жоспар кестесіне сәйкес сапалы және уақтылы жұмыстар жүргізу.Жұмыс кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге, қауіпсіздік техникасы мен мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
СОБ құрылғыларының техникалық жай-күйінің нормаларынан ауытқулар немесе ақаулар анықталған жағдайда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, оларды мүмкіндігінше тез арада жою жөнінде шаралар қабылдауға, және еңбекті қорғау, ақаулықтардың себептерін анықтау және олардың қайталануын жою, сондай-ақ ақаулардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар енгізу.
Өндірісте кезкелген қайғылы оқиға болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу және болған оқиға жайында дистанция бастығына хабарлау. Бастық болмаған жағдайда ол хабарды дистанция диспетчері жеткізеді.
Теориялық және практикалық тұрғыда жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргізуді білу керек, жұмыс тәртібі мен технологиясын қатаң сақтай отырып параметрлерді өлшеу және қалыпты жағдайға келтіру, жұмыс техникасын жетілдіру, СОБ аппартурасына қызмет көрсетудің озық әдістерін меңгеру және СОБ аппаратуралары туралы білімін үнемі жетілдіріп отыру, ақаулардың пайда болуына жол бермеужәне олар орын алған жағдайда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ете оытрып, оларды мүмкіндігінше тез арада жою шараларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау.
Қорғану құралдарының ауыстыру кезеңін білуі керек, және оларға уақытылы тексеріс жүргізу керек.
Қосымша талаптар:
темір жол көлігін басқару саласы бойынша жалпы талаптарды білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж