"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының поезды басқару орталығының 2 топтағы поезд диспетчері

от 364091
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
121

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1)пойыздар қозғалысының қауіпісіздігін толық қамтамасыз ете отырып, контейнерлік және жүк пойыздарының техникалық учаскелік маршруттық жылдамдықтарын толық талдай отырып, қолданыстағы ескертулерді көрсетіп, пойыздардың қозғалысының орындалған кестесін жүргізеді; 
2) барлық эксплуатациялық көрсеткіштердің: Жүк айналымы, Жүкті тиеу, Статикалық жүктеме, Жұмыс/жергілікті вагон айналымы, 1-ші жүк операциясына тоқтап қалу, 1-ші тех.стансада тоқтап қалу, бос жүрістің жүкке %, Жүк вагонының өнімділігі, Вагонның орта тәуліктік жүрісі, Тиелген вагонның динамикалық жүктемесі, Локомотивтің орта тәуліктік жүрісі, Учаскелік жылдамдық, Техникалық жылдамдық, Жүк пойызының орта салмағы, Локомотивтің өнімділігінің орындалуын қамтамасыз етеді;
3) «ГИД Урал» жүйесіне деректерді уақытылы енгізу және «ГИД Урал» учаскесінде пойыздар жұмысы туралы деректердің уақытылы енгізілуін бақылау;
4) өзінің жұмыс аясына кіретін жұмыстардың шарттарын, пойыз учаскелерінің техникалық жабдықталуы мен ерекшеліктерін, жол салаларын, салмақ нормаларын, пойыз локомотивтерінің серияларын, негізгі және айналым деполарын, тартымдық иіндерді, айқындалған ескертулердің бар екенін және қалпына келтіру, өрт сөндіру пойыздары, қар тазалағыш техникаларды және т.б. білу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық немесе кәсіптік)
  • СМамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
  • Еңбек өтілі: 5 жылдан кем емес, соның ішінде кластан тыс, 1 немесе 2 класстағы станция бойынша кезекші / маневр диспетчері болып  маневровым/ станция диспетчері болып кем дегенде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж