"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Пресногорьковская 3-класс станциясының теміржол кезекшісі

от 270228
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
110

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • 8 сағат 45 минутта және 20 сағат  45 минутта кезекшілікке келе отырып, ауысымға арналған жұмыс жоспарымен, жолдардағы жағдаймен, келіп түскен жеделхаттармен танысу үшін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу үшін планерлік кеңестерге қатысуға міндетті. Планерлік кеңесте станция бойынша кезекші: жылжымалы құрамның қабылдау-жөнелту жолдарында болуы және орналасуы, ірлегес аралықтардағы поездық жағдайы, жергілікті жүкпен поездардың күтілетін тәсілі, техникалық құрылғылардың жұмысы туралы баяндайды
  • Поездарды қабылдауға, жөнелтуге қатысты нұсқаулармен және өкімдермен және станция бойынша кезекшілікті тапсыратын кезекшінің ақпаратымен станцияның жол ережесімен ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналындағы жолдарды бағыттамалық бұрмаларды СЦБ құрылғыларын, ДУ-46 нысанындағы байланыс және байланыс желісін тексеру журналыгдағы жазбалармен танысады, Ауысымдық жоспар кезекшілікті қабылдау туралы белгісі кесте
  • Жергілікті жүкті тасымалдауды, жүк операцияларына вагондарды беруді және жинауды, ауысымға арналған жоспар-нарядқа сәйкес кірме жолдарды өңдеуді жоспарлайды. Поездар қозғалысының бекітілген кесатесі бойынша поездарды еркін қабылдау жолдарына қабылдауды жоспарлайдв
  • Поездар қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша станцияға іргелес аралықтарда учаскелердің көршілес станциялардың ДНЦ поездық және маневлік локомотивтердің машинистерімен келіссөздер жүргізеді
  • пойыздарды уақтылы қабылдау үшін олардың мамандануына сәйкес бос жолдардың болуын және дайындығын жоспарлайды
  • Техникалық қызмет көрсетуге арналған технологиялық нормалардың орындалуын станция жұмысының технологиялық процесіне сәйкес поездарды өңдеу кестесін бақылайды

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (кәсіби және техникалық)
Мамандығы:тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдаоану (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: жоғары бойынша: 4-5 класстын станция бойынша кезекші, поездар құрастырушы, станция операторы бағыттама бекетінің кезекшісі парк бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 1 жыл, орта бойынша; 4-5 класстын станция бойынша кезекші, поездар құрастырушы, станция операторы бағыттама бекетінің кезекшісі парк бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)