"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" Балқаш жол дистанциясы Достық - Мойынты телімінің 1 санатты техник

227418 - 240101
Балхашская дистанция пути Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
231

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- жұмыскерлердің уақытылы жұмысқа келуін бақылау;
- жұмыскерлердің жұмыс уақытында жұмыс орындарында болуын бақылайды, сондай-ақ жұмыскерлердің жұмысқа уақытылы келіп, жұмыс аяғында уақытылы жұмыс орнынан қайтуын қадағалайды;
- фактілі жұмыс істелген уақытты, жұмыс тоқтап тұрған уақытты және жұмыс уақытын өзге де әр түрлі себептермен жоғалуын бақылайды; 
- телім жұмыскерлеріне айлықтың түсуін жүргізеді, айлық және ұстап қалу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді; 
- ФТУ-3, ПУ-74 (декадтық кесте) формаларының, күрделі жөндеу бойынша нарядтардың,  дұрыс толтырылуын қадағалайды;
- найналым, цех бойынша техникалық құжаттардың дұрыс толтырылуы бойынша жол шеберлеріне көмек көрсетеді; 
- жұмыскерлерге арнайы киім беру бойынша сұранымдарды толтыруға қатысады, жұмыскерлердің арнайы киіммен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылайды; 
- рельстік, шпалдық кітаптардың уақытылы және дұрыс толтырылуын қадағалайды.

 

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік) / бекітілген бағдарлама бойынша арнайы даярлықтан өту
  • Сала бойынша мамандығы: Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпір және көлік тоннельдері; Көлік техникасы; Көтерме-көлік, жол-құрылыс көліктері мен жабдықтарын техникалық пайдалану.
  • Еңбек өтілі: еңбек өтіліне талаптар қойылмаған

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру