"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" Балқаш жол дистанциясы Достық - Мойынты телімінің жол шебері - жол бригадирі

355961 - 371025
Балхашская дистанция пути Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
163

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • № 774/1 бұйрығына сәйкес, жолды, бағыттамалық бұрмаларды, жер төсемін, құрылыстар мен жол құрылғыларын, рельстерді, шпалдарды, брустарды, сонымен қатар, көпір бекіткіштерін, рельстік тізбектерін бекітілген телім аралығында ПУ-28; 29 кітапшаларын толтыра отырып тексереді және қарайды;
  • Жаңбырлы, көктемгі су және сел, ауа райының төменгі және жоғарғы температуралары кезінде және де пойыз қозғалысының жылдамдығына шектеу бар аралықтардағы жол жағдайын тексереді;
  • 1998 жылғы 02 наурыздағы № 561-Ц бұйрығына сәйкес,  станциялардағы жол және бағыттамалық бұрмаларды айлық комиссиялық тексеруге қатысады, станция бастығы және СЦБ электромеханигімен бірге бағыттамалық бұрмаларды, сонымен қатар ауыстырмалы механизмдерді және бағыттамалық арматураларды, жолдың құрал-жабдықтарын қарайды;
  • Бағыттамалық бұрмадардың металл бөліктерінің тозуын бақылайды. Бағыттамалық бұрмаларды ордината бойынша тексереді;
  • Станция бастығы, СЦБ электромеханигімен бірлесе отырып, бағыттамалық бұрмаларды, сонымен қатар, ауыстырмалы механизмедер мен бағыттамалық арматураларды, жол құрылғыларын қарайды;
  • СЦБ электромеханигімен бірлесіп, теміржол өтпелеріндегі автоматиканың жағдайы мен әрекет етуін, ескерту жарықтары мен өтпе бағдаршамдарының көрінімділігін, электрлі кедергімен өлшей отырып, шпалмен бірге балласттарды, бағыттамалық бұрмалардағы электржетектерді, бағыттамалық бұрмалардағы ауасығымдағыш құрылғылардың әрекетін тексереді.

 

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік) / белгіленген бағдарлама бойынша орта немесе арнайы дайындық
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері) Көлік құрылысы
  • Тиісті қызмет бейіні бойынша лауазымдарда мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл / кемінде 3 жыл / кемінде 4 жыл.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)