"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Эмба (Жем) вокзалының вокзал бастығының кезекшісі көмекшісі

от 208738
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
79

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) белгіленген режиммен және технологиялық процеске сәйкес ауысым кезінде вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың бірқалыпты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бұзылған жағдайда тиісті актілерді жасап, вокзал басшылығына хабарлау;
2) күту бөлмесіндегі, платформадағы жолаушылардың қолайлығы үшін барынша жағдай жасау үшін қажетті шараларды қабылдау, қарт адамдарға, балалары бар жолаушыларға, ұйымдасқан жолаушылар топтарына және балаларға назар аудара отырып;
3) пойыздарға жолаушылардың қауіпсіз отырғызу/түсіруін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
4) жолаушылар ағынын кіру/шығу топтарында бөлу, жолаушылардың және келушілердің вокзал ғимаратына кіру/шығу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету, серпілден және жаншақтауды болдырмау және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білу немесе орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: білімі жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) болса: Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қарекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Ғимараттар мен құрылыстарды салу; Электрэнергетика, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиялар, механикаландыру және автоматтандыру. Білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса: Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.
  • Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) болса: вокзал бойынша кезекші/перрон бойынша кезекші/анықтама беру бойынша кезекші лауазымында 2 жылдан кем емес;  білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса: окзал бойынша кезекші/перрон бойынша кезекші/анықтама беру бойынша кезекші лауазымында 3 жылдан кем емес 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж