«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Тараз сыныптан тыс станциясының 1 санатты инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жүк жөнелтушілердің жүктерді вагондарға тиеудің техникалық шарттарын сақтау талаптары бөлігінде жүктерді қабылдап-тапсырушылардың жұмысын, жүк операциялары кезінде вагондардың тоқтап қалу нормаларының орындалуын, жүк тасымалдау құжаттарын ресімдеудің дұрыстығын, актілік талап қою жұмысын жүргізуді бақылайды;
- жүк цехы қызметкерлерінің қажетсіз әрекеттерді жою және жұмыс кеңістігін оңтайландыру есебінен ISO 9001 :2008, ISO 14001 :2004, OHSAS 18001 :2007 халықаралық стандарттарының және "5С" қағидатының үнемді өндірісінің талаптары негізінде талаптардың орындалуын және жұмыс жағдайында және интеграцияланған менеджмент жүйесінің сақталуын бақылайды;
- дербес компьютер паспортында көзделген дербес электрондық-есептеу техникасының сақталуы мен толықтығына жауап береді, жұмыс істемеген жағдайда станцияны басқарудың автоматтандырылған жүйесінің инженеріне хабарлайды;
- жедел жоспардың орындалуын және жұмыстың негізгі көрсеткіштерін талдайды;
- жүк цехының жұмысын жоспарлауға басшылық пен жеделдікті жүзеге асырады;
- вагондарды тиеу және түсіру жоспарларының орындалуын, вагондарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс
- Жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан кем емес, оның ішінде: жүк жұмысы станциясының диспетчері/тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдау-тапсыру/тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)