«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Жаңаарқа пайдалану локомотив депосының Жезқазған ТЧЭ-15 айналым депосының жүк қозғалысы тепловозы машинисінің көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Белгіленген тәртіпте іс сапар алдындағы медициналық тексеруден, сондай-ақ мерзімдік медициналық тексеруден өтуге міндетті. Әр сапар алдында поезд машинистен, ал түнде депо бойынша кезекшіден қауіпсіздік нұсқаулығынан өтіп, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жаңадан түскен құжаттармен таңысыныз;
- қызмет көрсетілетін учаскелер мен станцияларда пойыздар қозғалысын ұйымдастыру және маневрлерді орындау үшін ДҰҚ (поезд диспетчері), ДСП (станция бойынша кезекші) және басқа да лауазымды тұлғалардың бұйрықтарын, жедел нұсқауларын орындауға;
- жұмыста өзіңізбен бірге қызметтік куәлік, жүргізуші көмекшісінің тиісті тартым түріндегі куәлігі, жүргізуші көмекшісінің қызметтік және техникалық бланкілері, ескерті талоны;
- негізгі немесе айналым депосында, локомотив айналым пунктерінде және локомотивтерді ауыстыру бойынша кезекшілердің жедел бұйрықтарын орындау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғарғы (немесе жогғарғы орынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік), арнайы дайындык
- Саласындағы мамандық: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Көлік, көліктік техникасы мен технологиялары; Көлік тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру
- Жұмыс тәжірибесі: Тәжірибе қажет емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру