Қазандық қондырғысының операторы ТҚК-2 цехінің Мақат локомотив пайдалану депосы

154662 - 159736
ТЧЭ-4 МАКАТСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
61

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Қазандықтың,құбыр жүйесін,жылумен жабдықтаужүйесінің жылу жабдықтарының жұмысын және техникалық жағдайынқадағалау.Қазандықтардың,қысымды ыдыстарды,құбырларды және ыстық суды пайдалану кезінде техникалық пайдалану ережелері мен қауыпсыздік ережелерінің талаптарын сақтау.
Жабдықтардың механизмдердің,ғимараттардың ақаулары анықтау. Ұйымдастырушылық әкімшілік нормативтік әдістемелік,технологиялық және басқа да ішкі құжаттардың сақталуын қадағалау және бақылау Қазандық агрегаттарын қазандықтың жылу жабдықтарын күтіп ұстау және олардың жұмысқа жарамдылығын қадағалау.Күрделі агрегаттар мен жеткізілетін бөлшектердің жарамдылығын анықтау құрастыру

Біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары:

Білімі
Орта белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
Еңбек өтілімі:
2 жылдан төмен емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім