Ішкі бақылау және корпоративтік қауіпсіздік қызметінің жетекші менеджері

"QazaqGaz Onimderi" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
630

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Мынадай салаларда қауіпсіздікті жүзеге асыру: Сыбайлас жемқорлық, ішкі, физикалық және инженерлік-техникалық, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша;
  • Серіктестікте ішкі, физикалық және инженерлік-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі бойынша жұмыс жоспарларын, жауаптарды, оның ішінде объектілердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жоспарларды, іс-шараларды жасау;
  • Инженерлік-техникалық қауіпсіздік мәселелері бойынша Серіктестікте, ӨФ және КУ-де қызметтік тексерулер, тергеулер жүргізуге қатысу;
  • Қауіпсіздік, қызметтік және коммерциялық құпияны қорғау, жұмылдыру жұмысы мәселелері бойынша қызметтің құзыреті шегінде арнаулы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен, мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Серіктестіктің дағдарысты басқару жоспарын дайындауға және жаңартуға қатысу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды және қауіпсіздікті, АТ үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарларды келісу;
  • Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, Серіктестікке, Қорға және (немесе) мемлекетке және (немесе) ӨФ мен КУ-ға залал келтірілуі мүмкін жалған, өзгертілген немесе бұрмаланған ақпарат беру туралы қосымша ақпарат алу мақсатында контрагенттерді тексеруді ұйымдастыру;
  • Қызметкерлермен әңгімелесу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларын, қылмыстық заңнаманы және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасын түсіндіру бойынша оқыту семинарларын өткізу. Анықталған алаяқтық және сыбайлас жемқорлық фактілері және олар бойынша қабылданған сот шешімдері туралы қызметкерлердің назарына жеткізу;
  • Серіктестікте, оның ішінде ӨФ және КУ-да құпиялылық режимін бұзудың алдын алу және анықтау;
  • Қызметкердің жұмыс уақытында жасайтын әрекеттеріне, сонымен қатар оның тәртібіне бақылауды жүзеге асыру;
  • Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді азайту жөніндегі өзге де іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен іске асыру.

Талаптар:

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі - 

Экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеумен байланысты қаржылық, экономикалық, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Шарттары:

Ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты 09:00-ден 18:30-ға дейін 1 сағат 30 минуттық үзіліспен түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.