"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Солтүстік"Жолаушылар тасымалы бойынша өңірлік филиалының жабдықтау бөлімінің жетекші инженері

от 362178
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Северный" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
237

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
  • логистиканы ұйымдастыру;
  • сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесінің мониторингі;
  • тауарлық-материалдық құндылықтармен (бұдан әрі - ТМҚ) қамтамасыз ету;
  • қалыптастыру кезінде Филиалдың және Филиал учаскелерінің (бұдан әрі - учаскелер) қажеттіліктері үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуды жүзеге асыруға талдау жүргізу;
  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынатын ТМҚ сатып алуға өтінімдерді жинауды, түзетуді жүзеге асыру;
  • ТМҚ жеткізуге арналған шарттарды жасау және уақытылы ресімдеу, өнім берушілерге жоспар-өтінімдерді уақытылы беру, ТМҚ жеткізілімдерін бақылау, оны Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін шарттар бойынша ақпарат дайындау.  

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары
  • Мамандығы: «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану», «Қаржы», «Экономика»
  • Жұмыс тәжірбиесі: мамандығы бойынша немесе теміржол саласындағы кәсіпорындарда кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр