Тарифтік реттеу басқармасының жетекші маманы (жұмыскердің болмау кезеңіндегі уақытша бос жұмыс орны )
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- ескертпелер болмаған кезде өз құзыреті шегінде құжаттарды қарау;
- Магистральдық құбырлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге «ҚазТрансОйл» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасының жобасын қалыптастыру бойынша негіздеу материаларын, оның ішінде бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жинау жұмысына қатысу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық құбырлары бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге «ҚазТрансОйл» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасының жобасын қалыптастыру;
- уәкілетті органға және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға Магистральдық құбырлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге «ҚазТрансОйл» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасын бекітуге өтінішті жолдау және қорғау. Уәкілетті органның сарапшыларымен жұмыс жүргізу;
- негіздеу материалдарын, оның ішінде бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жинау жұмысына қатысу, Магистральдық құбырлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзгерту туралы өтінішті қалыптастыру, уәкілетті органға және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жолдау және қорғау. Уәкілетті органның сарапшыларымен жұмыс жүргізу;
- алдыңғы күнтізбелік жыл үшін Магистральдық құбырлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп үшін негіздеу материалдарын, оның ішінде бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жинау жұмысына қатысу, табыс етілген деректерді талдау, есепті қалыптастыру және уәкілетті органға және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жолдау. Уәкілетті органда және мемлекеттік органда есепті қорғау. Уәкілетті органның сарапшыларымен жұмыс жүргізу;
- бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, жарты жылда және жыл ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапалық және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополия субъектілерінің тұынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдындағы тиімді қызметінің сенімділік көрсеткіштеріне жетуі туралы есептер бойынша негіздеу материалдары мен ақпаратты жинау жұмысына қатысу, табыс етілген деректерді талдау, есептерді қалыптастыру, Табиғи монополиялр туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық/жарты жылдық есептерді орналастыру жұмысына қатысу;
- инвестициялық бағдарламаның мәселелері бойынша талдау жұмысына қатысу;
- бекітілген инвестициялық бағдарламаны жиынтықтау және орындалуын жүйелі мониторингілеу;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар мен іс-шараларын даярлау. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша талдау жүргізу және шешімдердің жобаларын даярлау. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-басшылығының қарауына материалдар даярлау.
- Басқарманың құзыреті шегінде бұйрықтардың, өкімдердің, шарттардың және Қоғамның өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеуге және келісілуге қатысу. Қоғамның нормативтік құжаттары мен стандарттарын өзектілендіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Талаптар:
- Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (экономикалық) білім.
- Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр