Жетекші инженер-эколог
"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың, нұсқаулықтардың, стандарттар мен ережелердің сақталуын бақылау;
- Атом электр станцияларын салу және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеуге және бақылауға қатысу;
- Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде ТЭН және ЖСҚ әзірлеуге тапсырмаға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде АЭС учаскесін таңдау бойынша материалдарды қарауға және бекітуге қатысу;
- Техникалық-экономикалық негіздемелердің, құрылыс жобаларының, жаңа технологиялар мен жабдықтардың экологиялық сараптамасына қатысу;
- Экологиялық объектілердің технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау, экологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын, атом электр станциясы аймағындағы қоршаған ортаның жай-күйін бақылау;
- Технологиялық регламенттерді, аналитикалық бақылау кестелерін, паспорттарды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеу;
- Жабдықтардың техникалық жағдайының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану талаптарына сәйкестігін тексеру;
- Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру, ұйымның қызметін экологиялық сараптамадан өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.
- АЭС құрылысына экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу (жобалау алдындағы және жобалау материалдары бойынша) және жұмыс істейтін атом электр станциялары үшін экологиялық заңнаманың талаптарын сақтау мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізу;
- Экологиялық сараптама құжаттамасын жүргізу/салынып жатқан объектілерге, пайдаланудағы объектілерге экологиялық заңнама тұрғысынан рұқсаттар алу, электрондық лицензиялау және экология порталдарында экологиялық мәселелерді шешу;
- Сатып алу рәсімдерін жүргізу және АЭС салу және одан әрі пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау қызметтерін көрсетуге шарттарды/келісімшарттарды жасасу үшін құжаттарды дайындау;
- Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде қажетті сертификаттарды, аналитикалық материалдарды, есептер мен презентацияларды дайындау;
- Энергетика (атом және электр энергетикасы) саласында қоршаған ортаны қорғау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Талаптар:
- Қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша жоғары кәсіптік білім;
- Экологиялық қауіпсіздік, қалдықтарды басқару бойынша курстарды бітіргені туралы сертификаттардың, эмиссияға рұқсаттардың міндетті болуы
- Қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Энергетика және/немесе құрылыс кәсіпорындарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі;
- Қызмет бейіні бойынша аналитикалық материалдарды дайындау тәжірибесі, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сараптама жүргізу, қоғамдық тыңдаулар өткізу саласындағы жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс тәжірибесі;
- Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін білу; Қазақстан Республикасының Су кодексі; Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелер мен нормалар.
Қажетті қабілеттер
- жауапкершілікті, жан- жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, талапшыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қауіпсіздік техникасы
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы Диагностика құралдарын пайдалану бөлімінің менеджері
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.11.2024 | 55
от 335756
Инженер-энергетик
"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.11.2024 | 284
Жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімінің бастығы
"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.11.2024 | 1017