«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері

от 320000
Акадырская машинизированная дистанция пути Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
186

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегін қолдану бөлігінде заңнаманың сақталуын бақылау;
  • Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге және қажет болған жағдайда қайта қарауға қатысу;
  • Еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
  • Жетекшілік ететін филиалдарда БМЖ әзірлеу және еңгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
  • БМЖ талаптарын орындау;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (жоғарғы оқу орынынан кейін)
  • Мамандық саласында: Көлік, көлік техникасы мен технологиясы (Вагондар, Локомотивтар, жылжымалы құрам); (темір жол көлігі) көлік пен қозғалысты пайдалану, тасымалды ұйымдастыру; Электротехника (Радиотехника, электроника и телекоммуникация); Басқару және автоматизация; Электроэнергетика; Стандарттау, метрология, и серификация; Қоршаған ортаны сақтау және өмір іс-әрекетінің қауіпсіздігі. Құрылыс (темір жол құрылысы, жол шаруашылығы); Қөліктік құрылысы; Маишна құрылысы (машинилар технологиясы және  құрылғылары) Инженерлік жүйесі; Экология; Жылуэнергетика
  • Еңбек өтілі: 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр