"ҚТЖ-Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі"ЖШС филиалының Арыс пайдалану вагон депосының Іжд - 30 техникалық қызмет көрсету пункті Түркістан станциясының вагон депосының (1 топ учаскесінің) шебері

355961 - 371025
ВЧД-30 Арыс Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;  рак енгізумен, әзірлеумен айналысады. ұсыныстар, НТИ, осы мәселе бойынша есептер жүргізеді; арық өндіріске бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады; ІЅО 9001:2009, ІЅО 14001:2006, ОНЅАЅ 18001:2008 халықаралық стандарттарының талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге, талаптарды сақтауға және жұмыс жағдайында ұстауға қатысады; Цехтардың: техникалық қызмет көрсету пункттерінің; тасымалдауға дайындық пункттерінің; вагондардың ағымдағы жөндеу пункттерінің;
    бақылау бекеттерінің; депоның бекітілген учаскесінде орналасқан пайдалану жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ олардың жұмыс нәтижелеріне жетекшілік етеді;
    Жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуге, поездарға техникалық қызмет көрсетудің, вагондарды даярлаудың, жөндеудің технологиялық процестерінің сақталуына басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыру;  Стандартты емес жағдай болған жағдайда (авария, апат, оқиға, оқыс оқиға, кідіріс, ұрлық, өрт туындаған жағдайларда, еңбекті қорғауға байланысты жағдайларда тергеп-тексеруге шығу және жедел шешім қабылдау кезінде) Депо басшылығына хабарлайды;
     
    Қатысушы қызметкерлерді жаңадан келіп түскен нормативтік актілермен таныстыру мақсатында ТҚҰ қызметкерлерімен планерлік кеңестер өткізеді, НОДГП-9 басшылығының, вагон шаруашылығы департаментінің бұйрықтарының, өкімдерінің, жеделхаттары мен жазбаша тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
     
    Вагондарды аға тексерушілерде ауысым үшін атқарылған жұмыс туралы есепті қабылдайды.
     Үстеме жұмыстарға жол бермеу үшін Ауысым қызметкерлерінің штатын дұрыс орналастыруды қамтамасыз етуге қатысады, Еңбек және демалыс режимін, демалыс беруді, сондай-ақ ТҚҰ, КП қызметкерлерінің мерзімді медициналық тексерулерінен уақтылы өтуін ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (вагондар) Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде вагондарды тексеруші лауазымында кемінде 1 жыл Білімі: орта (техникалық және кәсіптік) Мамандығы: темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде вагондарды тексеруші лауазымында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр