Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Компанияда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау; • Радиациялық бақылаудың жоспар-кестесінің орындалуын талдау; • Радиациялық қорғаудың тиімділігін, РҚ бойынша сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына, "Cameco" радиациялық қауіпсіздік бағдарламасына және РҚ саласындағы озық өнеркәсіптік практикаға сәйкестігін бақылау; • Радиациялық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру; • Қызметкерлердің, жұмыс орындарының және қоршаған ортаның радиациялық мониторингінің тиімділігі мен дұрыстығын бақылау; • Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлерді оқыту бағдарламасын іске асырудың тиімділігін бақылау; • Мемлекеттік органдарға сұратуларды уақтылы ресімдеу және радиациялық қауіпсіздік саласындағы рұқсат құжаттарын алу (атом саласы бойынша лицензия алу) ; • Радиациялық қауіпсіздікке байланысты ішкі ережелер мен рәсімдерді әзірлеу және жаңарту; • Ішкі талаптарға және мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес РҚ бойынша статистикалық есептерді ұсынуды қамтамасыз ету; • Иондаушы сәулелену көздеріне және радиоактивті қалдықтарға түгендеу жүргізуді бақылау; • Құтқару-авариялық құралымының оқу-жаттығуларына және құтқару-авариялық жұмыстарына қатысу; • Авариялар мен жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуде жоғары тұрған басшылыққа жәрдем көрсету; • Уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; • Радиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды анықтау және жою мақсатында жұмыс орындарына тұрақты тексерулер жүргізу; • Бекітілген қызметтік міндеттемесіне сәйкес басқа да міндеттемелер.

Білім:

Физика саласындағы жоғары бейіндік білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • • "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; • "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; • Санитариялық нормалар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар; • Жерасты ұңғымалық және үймелеп шаймалау тәсілдерімен кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары; • Радиациялық қауіпсіздік саласындағы басқа заңдар, нұсқаулықтар және техникалық құжаттар; • Қатты, сұйық және газ тәрізді сынамаларды радиометриялық, дозиметриялық және спектрометриялық зерттеу әдістері; • Басқару жүйелері бойынша стандарттар (яғни ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 9001-2015) • Төтенше және/немесе дағдарыс жағдайларындағы әрекеттер; • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және электр қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар; • Еңбек мәдениеті және қызметтік әдеп; • АҚХА, ICRP (радиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық комиссия) мақұлдаған уран өнеркәсібіндегі радиациялық қауіпсіздіктің озық әдістері және басқа да халықаралық стандарттар.

Қосымша:

• Атом энергиясын пайдалану саласында лицензия алу және құжаттарды дайындау тәжірибесі; • Құжаттарды бекіту және тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен (АжЭҚБК, СЭҚ) өзара әрекеттесу тәжірибесі.

Білетін тілдер:

• Қазақша-міндетті; • Орыс тілі-міндетті; • Ағылшын тілі - мүмкіндігінше.