Әлеуметтік жобалар бөлімінің менеджері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
248

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

3.1 Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін Менеджерге келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: • Әлеуметтік даму стратегиясының, мемлекеттік органдармен коммуникация және байланыстардың регламенті мен ережелерін, әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастырудың стратегиялық жоспарын және әлеуметтік-бір реттік көмек көрсету тәртібі туралы ережені сақтау: • Әлеуметтік шығыстарды тұрақты бақылау, олардың әлеуметтік-экономикалық сараптамасын жүргізу және осы салада енгізілетін барлық өзгерістердің салдарын болжау мақсатында әлеуметтік шығындарды есепке алудың, талдаудың және мониторингтеудің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін жүргізу. • Компания бойынша әлеуметтік жауапкершілікті интеграциялау. • Барлық мүдделі тараптармен (Stakeholder management) өзара іс-қимыл процесінде туындайтын өндірістік емес тәуекелдерді басқару тетігін әзірлеу және жүзеге асыру. • Мүдделі тараптар шеңберін анықтау (Stakeholder mapping) • Нақты қоғамдастық арасында сауалнама жүргізу (Survey) • Көрсетілген әлеуметтік-бір реттік көмекті мақсатқа сай пайдалануды бақылау. • Іріктеу процесінің транспаренттілігі мақсатында компанияның құзыретті қызметкерлерін тарта отырып, басым әлеуметтік бағдарламаларды таңдау жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру. • Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің мынадай сыртқы бағыттарын қамтитын компанияның әлеуметтік-бағдарланған бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру (Компанияның басқа департаменттерімен және қызметтерімен бірлесіп): • Әлеуметтік инвестициялар; • Жергілікті қоғамдастықпен және мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау • Іскери серіктестермен өзара әрекеттесу; • PR қызметі. • Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып, PR әлеуметтік жобалар мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ), қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; • Уәкілетті мемлекеттік органдармен, қатысушылармен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде және тиісті өкілеттіктер болған кезде өзге де заңды және жеке тұлғалармен қатынастарда компанияның мүдделерін білдіру; • Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес демеушілік және бір реттік көмек көрсету мәселелеріне жетекшілік ету; • Жер қойнауын пайдалану өңірінің әлеуметтік саласын қолдау жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде міндеттемелерді орындау мәселелеріне жетекшілік ету; • Әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау, бюджетті және іске асыру жоспарын айқындау; • Әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету үшін қажетті бастапқы және қосымша құжаттарды жинаумен және тексерумен шектелмей, әлеуметтік-бір реттік көмек көрсету мәселелері бойынша сұрау салуларды жіберуді және алуды, сондай-ақ әлеуметтік-бір реттік көмек көрсету нәтижелері бойынша сұрау салулардың мониторингін жүргізуді, есептерді алуды және тексеруді қоса алғанда, әлеуметтік-бір реттік көмек көрсету шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу. • Әрбір күнтізбелік жыл ішінде жұмсалған және әлеуметтік-бір реттік көмек көрсетуге бағытталған қаражаттың есебін жүргізу және жыл қорытындысы бойынша көмек алушылар туралы мәліметтерді, көрсетілген көмектің мөлшері мен нысанын, сондай-ақ нысаналы көмекті тиісінше пайдалану туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, қаражаттың жұмсалуы туралы есепті жасау. • Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс (өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі), радиациялық қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, жол қауіпсіздігі ережелері және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарын сақтау. Компанияның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және сапа саласындағы корпоративті саясатын, сонымен қатар, жұмыс беруші актілері және Компанияның өзге де бақыланатын құжаттарын басшылыққа алу; • еңбекті қорғауды басқару жүйесін сақтау; • тұрмыста және күнделікті еңбек және шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдайларға алып келуі мүмкін өндірістік және технологиялық еңбек тәртібін, қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол бермеу; • қауіпті өндірістік нысандарда апаттар, оқиғалар, әрбір өндірістік жарақат және жұмыскерлердің денсаулығына келген өзге зақым, кәсіби сырқау (улану) белгілері, сонымен қатар адамдар өміріне және денсаулығына қауіп туғызатын жағдай туралы тікелей бастығы және Өндірістік қауіпсіздік департаментіне тез арада хабарлау; • өрт болған жағдайда, тез арада өртке қарсы қызметке хабар беру, өртке қарсы қызмет бөлімшесі жеткенге дейін жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда, адамдар, мүліктерді құтқару және өрт сөндіру бойынша қолдан келетін шараларды қолдану; • міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық тексеруден, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі (түнгі уақыттағы жұмыс жағдайында) және өзге медициналық куәландырудан өтуі; • еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі болатын мүгедектіктің белгіленуі немесе денсаулық жағдайының басқа да нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлап отыру; • жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын мақсатына сәйкес бұлжытпай қолдану және пайдалану; • қоршаулар, экрандаушы, бұғаттаушы және сақтандырғыш құралдардың жабдықтар және құрылғыларда бар болуын, олардың ақаусыз жағдайын және дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыру. Егер жұмыс орындары жұмыскер үшін жұмыс түріне байланысты қатер тудыратын қауіпті аймақта орналасқан болса, онда мұндай аймақтар бөгделердің осы аймаққа қол жетімділігін шектейтін құрылғылармен жабдықталуы тиіс; • жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын, табу, хабарлау және өрт сөндіру құралдарын күтіп ұстау. Олар бұзылған жағдайда өзінің тікелей бастығы және Өндірістік қауіпсіздік департаментіне тез арада хабар беру; • уәкілетті органдардың мемлекеттік инспекторлары, өндірістік қауісіздік департаментінің жұмыскерлері бекіткен заңды талаптарды және медициналық ұйымдар белгілеген емдеу және сауықтыру шараларын орындау; • қауіпсіздік және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс (өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі) және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша алғашқы және мерзімдік оқулар, нұсқаулықтар, қайта даярлау және білімді тексеруден уақтылы өту; • төтенше жағдайлар және олардың салдарларын жою бойынша өтетін оқуларға және жаттығуларға қатысу; • жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамға мүмкіндігінше алғашқы көмек көрсету. Орын алған жазатайым оқиға туралы басшылыққа және өндірістік қауіпсіздік департаментіне тез арада хабар беру және қажет болған жағдайда дәрігер мен жедел жәрдем көлігін шақыру; • апаттар, оқиғалар және жазатайым оқиғаларды тексеру бойынша комиссияға көмектесу.

Білім:

Жоғары білім – заң саласындағы, экономикалық.

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органдарының жұмысы саласындағы білім; • Түркістан облысындағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайды түсіну; • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы саласындағы білім; • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік теориясы мен практикасы саласындағы білім; • Қоғаммен байланыс саласындағы білім; • Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл саласындағы білім; • Мемлекеттік басқару органдарымен ынтымақтастық саласындағы білім.

Қосымша:

• Келіссөздер жүргізу дағдылары мен қабілеті, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдерімен.

Білетін тілдер:

• Қазақ, орыс тілдерін меңгеру-еркін; • Ағылшын тілін білу-Intermediate деңгейі.