«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Достық станциясы» филиалының поезд құрастырушысы

255165 - 271814
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
77

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Поезд құрастырушы дәл және дер кезінде маневр жұмысына арналған тапсырмаларды орындауға міндетті.  Вагондарды дұрыс орналастырылуын  қамтамасыз етуге және маневр жұмыстарын жүргізуге қатысатын барлық жұмысшылардың іс-қимылдарынқадағалау, танысу, алдағы маневрлік жұмыс жоспарымен және тәсілдерімен танысу, орындау. Поездарды ПТЭ қатаң ПТЭ талаптарына сай  құрастыру және филал басшылығының талаптары мен  нұсқаулықтарына сәйкес келетіндей. Қозғалыс қауіпсіздігі, жұмысшының жеке қауіпсіздігі талаптарын орындай отырып және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ете отырып маневр жұмыстарын ұйымдасты. Адамдар тасымалдайтын вагондар мен 1 классты қауіпті жүк тиелген вагондармен маневр жұмыстарын аса көңіл бөліп жүргізіге міндетті;  Жұмыс барысында поездарды құрастырушы міндетті: - нақты және дер кезінде белгі беруге, маневрлік қозғалыстарға қатысты нұсқамаларды қатесіз  беруге;  жылжымалы құрам және оның қозғалыс бағыты мен барлық маневр жұмыстарына қатысты белгілер дұрыс көрінентін жерде орналасуға;  локомотив машинисімен радиобайланыс болмай қалған жағдайда машинист немесе оның көмекшісі берген қол сигналдар көрінетін жерде болуы керек; - станциялық жолдармен қозғалысы кезінде алдыңғы вагонда болуы керек, ережеге сай қозғалыс бойынша бірінші вагонның аранайы өтпелінді, ал мүмкін болмаған жағдайда – екі жолдың ортасымен немесе қозғалыстағы құрамның жол жиегімен жүруі керек.  Маневрлік бағдаршамдардың көрсеткіштерін, беріліп жатқан сигналдарды, бұрмалардың бағыттарын, жолда адамдардың болмауын қадағалайды, қажет болған жағдайда маневрлік құрамды тоқтатуға шаралар қабылдайды. – жүк тиеу орындарында маневрлік құрамның қозғалысы алдында  кедергілердің болмауына қарайды; - бұрманы ауыстырғаннан бұрманы фиксатор-штырьімен бекітуге міндетті; - габаритті емес орындардан жол жүру кезінде вагонның немесе тепловоздың арнайы сатыларында орналасуға тыйым салынады, вагондардың жанында жаяу жүруге тиісті;

Біліктілік талаптары:

Білімі:

орта және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық

Жұмыс тәжірибесі:

1 жылдан кем емес,  пойыз құрастырушының көмекшісі/ вагондардың қозғалысы  жылдамдығын реттеушісі лауазымдарында.

Қосымша талаптар:

жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім