«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы филиалдың АБЖ бөлімінің 1 санатты инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Станциялардың АСОУП бағдарламасына ақпарат енгізуін және «ГИД-УРАЛ – ВНИИЖТ» орындалған қозғалыс кестесін жүгізуді бақылау;
- поездар кестесіндегі ақауларды бақылау және оларды әзірлеушілерге беру үшін бағдарламаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау;
- локомотив қозғалысын жедел басқаруды бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізу;
- жүк поездарын құрастыру жоспарын бұзу жағдайларын зерттеу және олардың талдауын дайындау;
- ақпараттық қауіпсіздікті және коммерциялық құпияны, корпоративтік компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстарды пайдалану жөніндегі жергілікті актілердің талаптарын сақтау үшін ақпараттық қауіпсіздіктің өңірлік инспекторымен бірлесіп, пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және сақтау бойынша Филиалдың корпоративтік компьютерлік желісінде тексерулер жүргізуге қатысу.
- Білімі жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі)
- Мамандығы: Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлік пайдалану (теміржол көлігі)
- Жұмыс тәжірибесі: поезд диспетчері/станция кезекшісі/станция инженері (технологиялық процесстер және техникалық – реттеу актісі, автоматтандырылған басқару жүйелері бойынша)/тасымалдау және поезд құжаттарын өңдеу жөніндегі станциялық технологиялық өңдеу орталықтарының бастығы/тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында 1 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр