«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Достық станциясы» филиалының жүк және багаж іздеу жөніндегі агенті

206805 - 219489
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
97

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

      ГУ-23 формасындағы жалпы нысанды актілер, рапорттардың дұрыс толтырылуын тексереді және қабылдайды. Ұрлық болған жағдайды және басқа жүктердің тасымалдану барысында сақталмай қалған жағдайда тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жүктердің тасымалдану барысында сақталмай қалған жағдайда қажетті құжаттар жинап, жұғыл кеңес ұйымдастырады. Вагодар мен контейнерларды комиссиялық түрде тексеруге қатысады. ГНУ-1, ГНУ-2, ГНУ-3 кітаптарын жүргізеді. Алашанькоу станциясында толтырылған коммерциялық актілер бойынша құжаттар жинайды, хаттамалар толтырады. Вагондар мен контейнерлдерде жүк алушыларға жүктердің берілу немесе тапсырылу нәтижесі бойынша келген жедел хаттар бойынша өткізілетін талқылар ұйымдастырады. Астана, Алматы басшылығына барлық тексру құжаттарын уақытылы жөнелтеді, ұрлық болған жағдайда құжаттарды заң қорғау органдарына жолдайды.

Біліктілік талаптары:

Білімі 

Жоғары; орта (техникалық және профессионалдық) 

Мамандығы: 

Жүк тасымалын ұйымдастыру және транспорттағы қозғалысты басқару, теміржол транспортында жүк және мкоммерциялық жұмысты ұйымдастыру.

Жұмыс тәжірибесі:

2 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс, 1 жылдан кем емес жүк және багаж қабылдап тапсырушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.

3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс, 1 жылдан кем емес жүк және багаж қабылдап тапсырушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.

Қосымша талаптар:

жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру