Қаржы департаментінің қазынашылық басқармасының өтімділікті басқару секторының бас маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білім:

  • Жоғары қаржылық білім. Тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/басқа (жақсырақ) бойынша магистр дәрежесінің болуы. 

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Орындаушылар тобын басқару бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі. 

Ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс тәжірибесі (жақсырақ ҚМГ және/немесе аффилиирленген ұйымдарда):

  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі (мұнай-газ компанияларында).

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы заңнама саласында;
  • Мұнай-газ саласындағы заңнама;     
  • Қазақстан Республикасының банк және валюта заңнамасы саласында;
  • Экономика және қаржы, бизнес - жоспарлау процестері саласында;
  • Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі саласында;     
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білген жөн (ауызша және жазбаша).

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Аналитикалық қабілеттерге ие болу;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, жазбаша және ауызша коммуникация дағдылары;
  • Шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • ҚМГ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кассалық жоспары шеңберінде қаражат тапшылығын жабуды және ҚМГ қаржыландыруды тартуды жоспарлауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ уақытша бос ақшасын қаржы құралдарына инвестициялау және ҚМГ міндеттемелерінің кірістілігі мен өтелуін қамтамасыз ету мақсатында конверсиялық операцияларды жүзеге асыру процестерін ұйымдастырады;
  • ҚМГ шығындарын азайту мақсатында мерзімі өткен дебиторлық/кредиторлық берешекті қайта құрылымдау жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;
  • ҚМГ міндеттемелерін өтеу мақсатында төлемдер тізілімін келіседі және төлемдерге санкция береді;
  • ҚМГ компаниялар тобының бизнес-функцияларын трансформациялау бағдарламасын іске асыру мақсатында Орталықтандырылған қазынашылық моделін әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • Бизнес-процестерді ресімдеу мақсатында қазынашылық мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар мен әдіснамаларды әзірлейді;
  • "Самұрық-Қазына" АҚ және ҚМГ нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ-ның қарыздық қаржыландыруды ұсыну және кепіл мүлкін басқару процесіне мониторингті жүзеге асырады;
  • Есепте дұрыс көрсету мақсатында ҚМГ қаржы құралдарын танудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
  • Есептеулер мен деректемелердің тәртібін тексеру мақсатында шарттарды келіседі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр