"Вагонсервис" АҚ жылжымалы құрамды жөндеу және сақтау жөніндегі топтың менеджері (16 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Топ қызметінің шеңбері бойынша тапсырмалардың орындалуына жауапты болады;
- топтың барлық шарттарының орындалуы бойынша мониторинг жүргізеді;
- парктің жағдайына талдау жүргізудің дұрыстығына, вагондарды тәулік сайын есепке алуға, сондай-ақ техникалық жарамды вагондарға қажеттілікті айқындау бойынша вагондарды жалға алушылармен үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ вагондарды жоспарлы жөндеу түрін өндіруге уақтылы бұру үшін жұмыс жүргізуге қатысады;
- жөндеу базаларының аумағында жоспарлы жөндеу түрлерін жүргізу кезінде вагондардың нормативтен тыс тұрып қалу жағдайларына, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде тиісті шараларды уақтылы қабылдауға тергеу жүргізеді;
- филиалдармен бірлесіп жолаушылар вагондарының вагон жабдықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды одан әрі талдау жүргізе отырып әзірлейді;
- жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды жалға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- тасымалдаушылармен бір жылға арналған жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды жалдау шарттарын жасасу және "ҚТЖ "ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелері мен Бөгде ұйымдардың біржолғы өтінімдері бойынша, сондай-ақ жеке тасымалдаушылардың қажеттіліктері үшін шарттық негізде жолаушылар вагондарын жалға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысады;
- жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды жөндеу жоспарын орындау бойынша, қалыптастыру пункттерінде, жолаушылар поездарының жүру жолында тұрақты есепке алу мен талдауды қамтамасыз етуге, ал қажет болған жағдайда Қоғамның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп белгіленген тәртіппен тиісті түзетулер енгізуге қатысады;
- жоспарлы жөндеу түрлерін өндіру кезінде жылжымалы құрамды жазғы және қысқы жағдайларда жұмысқа дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етуге қатысады;
- ҚР МТ-да 1-ТЖ нысанындағы "Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы туралы есепті", ЛО-4 және АГО-16 жасауға қатысады;
- жолаушылар вагондары паркінің вагон жабдығының сақталуы бойынша есепке алуды жүргізеді, вагон торабының зақымдануының әрбір жағдайын тексеруге қатысады; жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды, сондай-ақ ҚХР ДГҚ-ны бюджетке, қоғамның тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу жоспарына жөндеуді енгізудің тиісті рәсімін жүргізуге қатысады;
- жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды, оның ішінде Тальго вагондарын белгіленген тәртіппен жалдау, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерді әзірлей отырып, барлық түрдегі вагондарды жөндеу шарттарының жобаларын қатысушылармен жасайды және келіседі;
- ҚХР құрастырылған қызметтік-техникалық вагондардың дизель-генераторлық қондырғыларының есебін және жарамдылығын қамтамасыз етуді бақылайды;
- ҚХР құрастырған жолаушылар вагондарын, вагон-электр станцияларының дизель-генераторлық қондырғыларын жөндеудің перспективалық, жыл сайынғы, тоқсан сайынғы, ай сайынғы жоспарларын қалыптастыруға, КВР, КР өндірісінде жолаушылар вагондарын жаңғыртуды жоспарлау мен ұйымдастыруға және орындылығын қарауға қатысады;
- жылжымалы құрамды қызмет ету мерзімі мен техникалық жағдайы бойынша мүкәммалдан шығару процесіне қатысады;
- ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептердің уақтылы жасалуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселені бақылайды;
- филиалдардың вагондарын жөндеуді жоспарлаудың дұрыстығын тексере отырып, жолаушылар вагондарын жөндеудің ДР, КР-1, КРП жыл сайынғы жоспар-болжамын қалыптастыруға, бекітуге және қатысушылармен келісуге қатысады; жөндеу кәсіпорындары мен жалға алушылардың жасалған шарттардың талаптарын тиісінше орындамау фактілері бойынша шағым жұмыстары бойынша жұмысты, есепке алуды/талдауды жүргізеді;
- қоғамның қатысушы құрылымдық бөлімшелерінің (ВУ-10Б) нысанды актілерді ресімдеуінің және келісуінің дұрыстығын тексеруді бақылайды;
- бірыңғай есепке алуды жүзеге асыруды бақылайды жөндеу кәсіпорындарында жөндеудегі жолаушылар вагондарының тоқтап қалуына және оларды жөндеуден жөнелту жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға бақылау жүргізеді;
- вагондарды жөндеуге және жөндеуден шығаруға/тіркеуге өтінімдерді ресімдеуді бақылайды; жолаушылар вагондары мен оларға теңестірілген вагондарды, сондай-ақ ҚХР ДГҚ жөндеу бойынша алдын ала төлемге өтінімдерді қалыптастыруды және беруді бақылайды;
- ҚХР құрастырған вагондардың дизельдерін жөндеудің орташа және ірі түрлерін өндіру үшін мото / сағаттардың есебін жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Вагон құрылысы және вагон құралдары, Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Көлікті (темір жол көлігі) тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейінінде және/немесе жолаушылар қызметі ауқымы бойынша салыстырмалы компаниялардағы басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар

