«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жаңаарқа сигнализация және байланыс дистанциясының бас инженері

598161 - 659236
Жанааркинская дистанция сигнализации и связи Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
408

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Автоматика және телемеханика аспаптарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, оның ішінде оларды жөндеу, техникалық талаптарға сәйкестігін сынау, оларды мерзімдер бойынша берілген сенімділік деңгейімен кешенді ауыстыру бойынша жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру, Агрегатты жөндеу және электрожетектерін ауыстыру;
  • Компанияның жергілікті актісіне сәйкес станциялардағы жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды айлық тексеру кезіндегі комиссиясына қатысу;
  • Схемалық шешімдерді өзгерту, қайта құру, жаңғырту және жаңа құрылыс кезінде автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларын пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Отын-энергетикалық ресурстарының жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Оларды өндірістік қажеттіліктерге ұтымды пайдалану бойынша бақылау, оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • Қызметкерлермен толық материалдық жауапкершлік туралы шарттарды жасау, бұзу, көрсетілген шарттарға өзгерістер енгізу;
  • дистанция бойынша материалдық ресурстардың сақталуын және ұтымды пайдаланылуын бақылау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру бойынша ұжымда қолайлы жағдай құруды қамтамасыз ету;
  • Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жергілікті актілер талаптарының орындалуын үйлестіру және бақылау, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі нормативтерді орындау;
  • Еңбек қызметіне байланысты болған жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің деңсаулығына зақым әкелген өзге де оқиғалардың мән-жайларын тексеру және қарау,өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
  • «Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар» жоспарының орындалуын бақылау;
  • Дистанция жұмысшыларының еңбек жағдайларын бағалап анықтау үшін «Өндірістік объектілердің енбек жағдайын анықтау аттестациясы» коммиссиясының жұмысына қатысу;
  • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды факторларды азайту және жұмысшыларды зиянды еңбек жағдайларынан шығару бойынша іс-шаралар әзірлеу;
  • Қауіптерді сәйкестендіру және тауекелдер мен аспектілерді бағалау негізінде еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі кешенді іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ дистанцияның бір жылға арналған кешенді іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Өндірістік жарақаттанудың жай-күйін қарау;
  • «Жолдағы адам» ақпарат жүйесі бойынша жағдайларды талдау оның жұмысын жақсарту бойынша алдын алу іс-шараларын жасау;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды және олардың білімін тексеруді ұйымдастыру;
  • Дистанциядағы жоспарлы-алдын алу жұмыстары мен электроқондырғыларды тексеру жұмыстарының орындалуын жоспарлау мен бақылауды ұйымдастыру;
  • Электрқондырғыларын күтіп-ұстаудың техникалық жарамдылығы мен электр қауіпсіздігінің жай-күйіне тексеру жүргізу. Қауіптілігі жоғары орындарды анықтау;
  • Дистанция қызметкерлерін белгіленген нормаларға сәйкес қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлармен, арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық дәрі қобдишаларымен, сүтпен қамтамасыз ету;
  • Дистанциядағы қоршаған ортаны қорғаудың ішкі бақылауын ұйымдастыру;
  • Уәкілетті мемлекетті органға қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу өтінімдердің және дистанциядағы табиғат қорғау қызметінің есептерінің уақытылы берілуін бақылауды жүзеге асыру;
  • Өндіріс қалдықтарының (оның ішіндегі қауіпті қалдықтардың) сақталуын есепке алу және бақылау, оларды кәдеге жаратуды қамтамасыз ету;
  • Дистанциядағы тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және басқаруды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату
  • Жұмыс тәжірибесі: басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр