6-разрядты механикалық жинау жұмыстарының слесары (Өскемен қаласы)

KAP Technology Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
675

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Термиялық өңделмеген бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды 6 квалитет бойынша және 7 квалитет бойынша күрделі конфигурация бойынша слесарлық өңдеу және жетілдіру. - Күрделі машиналарды, бақылау-өлшеу аппаратурасын, пульттер мен аспаптарды, бірегей және дәлме-дәл агрегаттар мен машиналарды құрастыру, реттеу және баптау, ірі көлемді және аралас мойынтіректерді іріктеу және құрастыру. - Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды сынау, сондай-ақ терең вакуумға сынау. - Күрделі бірегей және дәлме-дәл металл кескіш жабдықтың дәлдігін және техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. - Ауаның (газдың) және арнайы өнімдердің жоғары қысымымен жұмыс істейтін құбырларды монтаждау. - Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру.

Білім:

Орта техникалық / арнайы білім/ Механика және металл өңдеу; автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері; материалдар өндірісі; тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіру; құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс;

Дағдылар:

- Жиналатын күрделі механизмдердің, аспаптардың, агрегаттардың, станоктар мен машиналардың құрылымын, нысанын және жұмыс принципін, машиналар мен агрегаттардың жиналған тораптарын реттеу, сынау және тапсырудың техникалық шарттарын және олардың пайдалану деректерін, машиналарды құрастыру және реттеу тәсілдерін және сынау режимдерін, бөлшектердің деформациясының алдын алу шараларын, станоктарды дәлдікке тексеру ережелерін білу. - Жұмыс нұсқаулығының (РИ) «Білуге тиіс» бөліміне сәйкес білімдер мен іскерліктер; - бөлшектер мен құрастыру бірліктерінің эскиздерін орындау ережесі; - күрделі бөлшектерді өлшеу дәлдігін және беттердің тазалығын қамтамасыз ету тәсілдері; - климаттық, механикалық және радиациялық әсерлер кезінде бұйымдардың орнықтылығын қамтамасыз ететін құрастыру жұмыстарын орындаудың әдістері мен тәсілдері; - жабдықтың техникалық сипаттамалары, аспаптар мен қондырғылардың схемалары, блок-схемалары, конструктивтік ерекшеліктері мен жұмыс режимдері, оны пайдалану ережелері; - жөндеу кезінде қолданылатын металдардың, қорытпалардың және басқа материалдардың негізгі қасиеттері; - қорғау ережелері мен нормалары

Қосымша:

Жұмыс нұсқаулығында және еңбек шартында көзделген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау, оның ішінде ішкі нормативтік құжаттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шектерде кәсіби және іскерлік этиканы сақтау

Білетін тілдер:

қазақша (жақсы), орысша (жақсы)