вокзал бастығының кезекші көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Белгіленген жұмыс режиміне және вокзал жұмысының технологиялық процесіне сәйкес жұмыс ауысымы ішіндегі вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың нақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету,бұзылған жағдайларда тиісті актілер жасау және вокзал басшылығына уақытылы хабарлау.Кезекшілікке кірген кезде вокзалдағы жедел жағдаймен, басшылық құжаттармен (жеделхаттармен,бұйрықтармен,нұсқаулармен және т.б) танысу.Вокзалдың тасымалдау процесі қызметіне қатысты жоғары тұрған басшылықтың келіп түскен нұсқауларына (бұйрықтар,өнімдер,телеграф,нұсқаулар,факсограммалар,телефонограммалар және т.б)сәйкес жұмыс орнындағы көрсеткіштерге,анықтамаларға және басқа да қосалқы материалдарға уақытылы өзгерістер еңгізу және қатысы бар адамдарды таныстыру.Жедел тәртіппен,билет кассаларының жүк тасушылардың,сақтау камераларының, демалыс бөлмелерінің қызметін бақылау және басқа да сервистік қызметтер(бар болса), атап айтқан; жұмыс рехимасын сақтау,нысанды киім кию, жолаушыларға қызмет көрсету кезінде мәдениетпен әдепті сақтау,сондай-ақ олар алып жатқан үй-жайларда санитарлық және өртке қарсы талаптар мен нормаларды сақтау (бар болса).Вокзал қызметкерлерінің және билет кассирлерінің жол жүру құқықтарын тиісінше ресімдемеу бөлігіндже бұзылуының әрбір фактісі бойынша тиісті актілерді ұсына отырып,вокзал(филлиал) басшылығын уақытылы хабардар ету.Қосымша талаптар:
Вагондарда диктордың вокзалдардағы жолаушыларға ақпарат беру жөніндегі бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес диктордың ақпаратты уақытылы хабардар етуі бойынша бақылауды жүзеге асыру.Вокзал қызметкерлерінің поездар кешіктірілген (кешіккен) жағдайларда жолаушыларды уақытылы хабардар ету жөніндегі вокзал қызметкерлерінің іс-қимыл регламентін уақытылы орындауы және орындалуын бақылау.Тиісті актілер жасай отырып, поездар кешіккен жағдайда жолаушыларды жөнелту жөнінде уақытылы шаралар қабылдау. Байланыс құралдары мен анықтамалық-ақпараттық жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асыру және ақауларды жою жөнінде шаралар қабылдау. Жолаушылар үшін көрнекі анықтамалық-ақпараттық материалдың (маңдайшалар, көрсеткіштер, тақтайшалар, хабарландырулар)болуы және эстетикалық түрі үшін жауапкершілікте болу.Жолаушылардың, балалармен мүгедектердің ұйымдасқан т оптарына ерекше назар аудара отырып, сондай-ақ вокзал аумағы бойынша мүгедектердің қауіпсіз болуын, орнын ауыстыруын қамтамасыз ете отырып, поезға жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды/түсіруді қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау вокзал шаруашылығын (күту залдары, касса залдары, өткелдер, сыртта-іргелес аумақ, перрон, платформалар) санитарлық-техникалық және өртке қарсы нормалар мен талаптарға сәйкес ұстау тұрғысынан.Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру