"Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құру және дамыту Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК) секторын дамыту бойынша қабылданған курсына байланысты.
ЖЭК секторын дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында, ЖЭК объектілері өндіретін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – қаржы-есеп айырысу орталығы орталықтандырылған сатып алуына негізделген, мемлекеттік қолдау механизмі қабылданды.
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес, осы механизмін Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ) іске асыру үшін «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құрылды.
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1281 қаулысымен жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы болып анықталды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулары енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 128-V Заңына сәйкес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-і жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жеткізілетін объектілер өндіретін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуын және сатуын жүзеге асырады.