Сұхбатқа дайындық. Рекрутер кеңесі
Әңгімелесуге немесе сұхбатқа дайындалу өте маңызды және жұмысқа орналасу кезінде жағымды әсер қалдырып, табысқа жету мүмкіндігін арттыруда тиісті іс-қимылдың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы орайда назарларыңызға Samruk Business Academy Рекрутинг департаментінің директоры Дмитрий Семкиннің бірнеше кәсіби кеңесін ұсынғымыз келеді.
Дмитрий Семкин - персоналды жалдау және адам ресурстарын басқару саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар, мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен және металлургия өнеркәсібінің ірі ұлттық және халықаралық компаниялары үшін сыртқы және ішкі рекрутингте, сондай-ақ логистика, коммерция, машина жасау, телекоммуникация және тағы басқа салаларда тәжірибесі бар маман.
Дмитрий компанияны тұрақты және сапалы , жұмысшы және жобалық персонал, сондай-ақ CEO деңгейіндегі басқарушы құрам қызметкерлерімен қамтамасыз ету жолында кадрларды іріктеу және бейімдеу тобын басқару тәжірибесіне ие.
1. Мұқият, жинақы болу, сыртқы түрдің мұнтаздай, ұқыпты болуы:
Сұхбат алдында мамандарды жалдаушы менеджерден/рекрутерден компанияда қабылданған дресс-код туралы алдын ала нақтылаңыз және оған барынша сәйкес келуге тырысыңыз.
Сондай-ақ, қажетті құжаттардың немесе құралдардың тізімін нақтылаңыз, мысалы, нысанға кіруге қает рұқсаттаманы рәсімдеу немесе тест тапсырмасын орындау.
Кешігіп қалмас үшін уақыт пен барар бағдарды алдын ала жоспарлау, компанияның мекенжайын ертерек нақтылау.
2. Өзіңіз орналасқыңыз келетін компанияны зерттеп-зерделеңіз:Компанияның құндылықтарын, мұратын және мәдениетін бағамдаңыз. Компанияның қызмет түрімен, сондай-ақ ұйымға қатысты соңғы жаңалықтармен немесе оқиғалармен танысыңыз.
Бұл ақпаратқа ие болу сіздің хабардарлығыңыз бен қызығушылығыңызды көрсетеді және жұмыс берушінің шешім қабылдауына оң ықпал етеді.
3. Жұмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі сараптаңыз:
Негізгі міндеттер мен жұмысқа қойылатын талаптарды нақтылаңыз.
Жұмыс талаптарына сәйкес келетін тәжірибеңізден нақты мысалдар дайындаңыз.
Сауатты көзқарас пен қойылар талаптарды талдау сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды, сондай-ақ белгілі бір позициядағы жұмыс жағдайында дамуы қажет бағыттарды бағалауға мүмкіндік береді.
4. Түйіндеменің мазмұнын терең таразылап алыңыз:
Түйіндемеде көрсетілген жұмыс тәжірибеңіз, дағдыларыңыз және жетістіктеріңіз туралы айтуға дайын болыңыз.
Сіздің еңбек өмірбаяныңыздағы үзілістер немесе олқы тұстар туралы, сондай-ақ мансаптың белгілі бір кезеңінде жұмыс орнын ауыстыру себептері туралы сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз.
5. Жеке бас қасиеттеріңіз бен ой-армандарыңыз туралы сұрақтарға дайын болыңыз:Барлық сұрақтарға жауаптарыңыз дайын болсын. Мысалы күшті және әлсіз жақтарыңыз туралы, сондай-ақ сіз бұл жұмысқа не үшін тұрғыңыз келетіні немесе сізді неге таңдау керек дегендей. Жұмыс беруші сізді таңдауға шешім қабылдауға түрткі болатын қасиеттеріңізді тізбектеп беріңіз.
6. Өзіңіз қояр сұрақтарды ойластырыңыз:
Бос жұмыс орнына және жалпы ұйымға қызығушылығыңызды көрсету үшін компания, команда және ондағы орныңыз жайлы алдын ала жан-жақты ойластырылған сұрақтарыңызды қамдаңыз.
Мысалы, әңгімелеу барысында компанияның даму жоспарлары, ұжымдағы адамдар саны, ұйымдық құрылымы, корпоративтік мәдениет пен басқа да жайттар туралы нақтылауға болады.