Артқа

Еңбек нарығындағы трендтер 2020

10 там. 2020
Еңбек нарығындағы трендтер 2020

Әлем бір орында тұрмайды және ескі технологиялардың орнын жаңалары басуда. Осыған байланысты ескі мамандықтарды ауыстыруға жаңалары асығуда және жыл сайын еңбек нарығындағы трендтер дамып келеді.

Осыған орай Қазақстанның еңбек нарығында қазір сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз тәжірибеміз бен бақылауларымызға сүйене отырып, шағын талдау жүргізіп көруге бел байладық.

Өзгерістерді басқару бойынша сарапшылар және A-Players көшбасшылары. Қазір VUCA әлемі және егер бұрын бізге тұрақтылық пен қауіпсіздік үйреншікті болса, қазір икемді ойлау қабілеті және бизнесті оңай қалпына келтіріп, іске асыру үшін жаңа идеялар таба алатын, жиі өзгерістерге жоғары психологиялық қабілеті бар көшбасшылар мен сарапшылар маңызды.

HR мамандығы. HR талдау, барлық көрсеткіштерді цифрландыру. Қызметкерлерді жалдау, бейімдеу және оқытудан ROI талдау және санау мүмкіндігі. Ақшалай қатынаста қызметкерлерден айырылу мен олардың жұмыстан кетуін талдай білу. Сандар дәлірек болжам жасауға және қаржылық көрсеткіштерге негізделген жоспарлау жасауға мүмкіндік береді.

ІТ рекрутинг. ІТ нарығын түсінетін және білетін рекрутерлер. Қызметкерлерді жаңа технологиялар арқылы іздеу – Booleansearch / X-Raysearch, searching. Қазір ІТ мамандықтарын іздеу үрдісі қызып тұр және барынша сұранысқа ие сала. Қазақстан нарығында ІТ рекрутерлері көп емес. Сондай-ақ белгілі бір құзыреттерге ие кез-келген адам аталмыш мамандықты игере алады. Көптеген адамдар үшін қашықтан жұмыс істеуге көмектесетін жаңа мамандықты игеру мүмкіндігі.

Әзірлеушілер. Бизнес үшін шешімдер таба алатын және жаңа өнімдер жаза алатын БҚ әзірлеушілері. Бірегей өнім жасаңыз. Қазір цифрландыру және бизнесті трансформациялау әлемі. Барлық ірі ойыншылар бизнес-процестерді автоматтандырудың жаңа бизнесіне, клиенттерге қызмет көрсетуге, интернет-дүкендерге, өнімдер мен қызметтерге көңіл бөлуде. Өйткені көбірек мақсатты аудиторияны қамту арқылы интернетте сауда жүргізуге болады. Бұл бизнеске үлкен мүмкіндіктер мен тың көкжиек сыйлауда.

Digital маркетинг. Интернеттегі маркетингті және әлеуметтік желілердегі адамдардың мінез-құлқын түсіну. Адамдардың және мақсатты аудиторияның ден қоюына талдау жасай білу. Қазір барлық бизнес-белсенділік интернетте болғандықтан, нарықтың беталысын және мақсатты аудиторияны қамтуды түсіну маңызды. Сайтыңызға трафик пен лидогенерацияны арттырыңыз. Интернет-маркетингсіз бизнеске жаңа жағдайда даму қиын болады.

Мінез-құлық экономикасы. Әлеуметтік, танымдық және эмоционалды факторлардың экономика саласындағы мінез-құлыққа әсерін, жеке адамдар мен мекемелердің экономикалық шешімдер қабылдауын және осы әсердің нарықтық айнымалыларға әсерін (бағалар, пайда, ресурстарды бөлу) зерттейтін экономикалық зерттеулер бағыты. Мінез-құлық экономикасы монополист болуға және экономиканы қажетті бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді. «Титандар ойыны» сияқты және саясаттағы лоббизм әдісі бойынша.

Нетворкинг. Қажетті байланыстарды құра және таба алатын адамдар. Жасанды сананың қарқыпн алып жатқанымен қатар, өзара қарым-қатынас психологиясын ұғынып, байланыс орната алатын адамдар да сұранысқа ие бола түседі. Жасанды сана барлығын жасай алмайды, адамдар қазірдің өзінде тың қуат пен жанды қарым-қатынасқа зәру. Роботтың сенімді серік болуы бұлыңғыр.

Жоба менеджері (Scrum, Agile). Қазір жобаларды басқару мамандары көбірек қажет болып барады. Себебі нарықта сауатты жоспарлау және кезең-кезеңімен іске асыру қажет жобалық жұмыс немесе стартап жобалар көп.

Жасанды сана. Күнделікті процестерді азайту үшін бизнес-процестерді автоматтандыру. Бұл адамдардың санын қысқартады және еңбекақы төлеу қоры шығындарын азайтады. Сондай-ақ қызмет көрсету жылдамдығын арттыру және адам жасай алатын қателерді жою жақсарады.

Ескі-жаңа мамандықтардың жандануы. Executivesearch кеңесшілері – еңбек нарығында үздіктерді, сирек кездесетін мамандарды таба алатын және басшылықпен бір тілде сөйлей алатын адамдар. Психолог-кеңесшілер. Мансап бойынша кеңесшілер. Адамдармен қарым-қатынасқа байланысты барлық мамандықтар.

Автор: Эльмира Салимова, мансап бойынша кеңесші, Samruk Qyzmet жобасының менеджері.