Артқа

Жұмысқа қабылдауда белестері

10 қаз. 2024
Жұмысқа қабылдауда белестері

Сәрсен Оралов, Samruk Business Academy рекрутинг бөлімінің менеджері

 

Жұмысқа қабылдау әлемінде, жақсы әңгіме жазу сияқты, қыр-сырына үңіле білу маңызды дүние. Көрсеткіштер - бұл не жұмыс істейтінін және нені жақсарту керектігін түсінуге мүмкіндік беретін мәліметтер. Олар жұмысқа алудың бүкіл процесін «майшаммен қарауға» және ерекше назар аударуды қажет ететін тұстарды табуға көмектеседі.

«Samruk Business Academy» рекрутинг бөлімінің менеджері Сәрсен Оралов метриканың неліктен маңызды екенін, олардың қайсысын қадағалау керектігін тілге тиек етіп, метриканы қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Жұмысқа қабылдаудағы көрсеткіштер жақсы кітаптағы сюжет желісіне ұқсайды. Олар жұмысқа алу процесінің қалай өрбитіні туралы түсінік береді және оны қисынды және тиімді етуге көмектеседі. Көрсеткіштер болмаса, сіз қажетті сүрлеуді жоғалту, маңызды мәліметтерді қолдан сусытып алу және сайып келгенде, рекрутингке керек іс-қимылыңыздың барынша тиімді жұмыс істемейтіні қаупін төндіреді.

 

Кез-келген жақсы оқиға сияқты, жұмысқа қабылдаудың мұқият бақылауға тұрарлық маңызды сәттері бар. Олар:

Жұмысқа алу уақыты: Бұл көрсеткіш жұмыс орнын жариялағаннан үміткерді жұмысқа алуға дейін қанша уақыт кететінін көрсетеді. Бос орындарды неғұрлым тез толтырсаңыз, компания соғұрлым тезірек алға жылжиды.

 

Жалдау құны: Бұл жалдау процесіне байланысты барлық шығынды білдіреді. Бюджетті шектен асырмау және ең үнемді шешімдерді табу үшін осы көрсеткішті қадағалап отыру маңызды.

 

Жалға алу сапасы: Бұл көрсеткіш сіздің жаңа жұмысшыларыңыздың қаншалықты табысты екенін өлшеуге септігін тигізеді. Бұл үміткерлерді қаншалықты тиімді іріктеп жатқаныңызды түсінуге көмектеседі.

 

Кандидаттарды іріктеу белестері кезеңдері бойынша пайыздық бөлу: Бұл көрсеткіш үміткерлердің жұмысқа алудың әртүрлі кезеңдерінен қалай өтетінін және қай кезеңде ең үлкен сұрыптаудың орын алатынын көрсетеді. Бұл кітаптағы тараулар сияқты - әрқайсысы маңызды, ал егер сіз қандай да бір тарауда оқырмандарды жоғалтсаңыз, бұл оны қайта қарастыруға берілген белгі.

 

Сәрсен өзі келесідей әңгімелейді: «Біз өз бөлімшеде «Үміткерлерді іріктеу белестерінің кезеңдері бойынша пайыздық үлестіру» метрикасын енгіздік, бұл бізге іріктеу процесін егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік берді. Әрбір рекрутер ұзын тізімге қанша кандидатты енгізетінін, қаншасы тестілеуден өткенін және қаншасы соңғы әңгімелесуге өткенін бақылай бастадық».

 

Ең көп үміткерлерді тізімге енгізген рекрутерден соңғы асуға ең аз үміткер өтті. Керісінше, ұзын тізімге аз үміткерлерді таңдаған рекрутер соңғы кезеңде жақсы нәтиже көрсетті. Бұл маңызды жаңалық болды және көзқарасымызды қайта қарауға мәжбүр етті.

 

«Бастапқы кезеңдерде мұқият таңдау соңғы кезеңде табысқа жету мүмкіндігін айтарлықтай арттыратынын білдік. Біз қазір үміткерлерді бастапқы кезеңде бағалау жұмысын жақсартуға және шарттарымызға шынымен сәйкес келетіндерді ғана таңдауға көңіл бөлеміз. Бұл жұмысқа қабылдау сапасын жақсартуға және соңғы сұхбат нәтижесін жемісті етуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті ол.

 

Көрсеткіштер - жұмысқа қабылдау әлеміне арналған жөнсілтегіш нұсқаулық. Олар ахуалды толық бағамдауға, проблемаларды анықтауға және жалдау процесін тиімдірек ететін шешімдерді табуға септеседі. Көрсеткіштерді ақылмен пайдаланыңыз және сіздің жұмысқа алу талпыныстарыңыз сәтті болады.

 

Сарсен Оралов