«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалының Павлодар пайдалану локомотив депосының өндірістік-техникалық бөлімінің 1 санатты жылу бойынша инженер-технигі

249338 - 264155
ТЧЭ-18 ПАВЛОДАРСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
2306

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Локомотив бригадаларының поездардың тартылуына ТЭР есептеу және нормалау, энергетикалық мақсаттар мен міндеттерді әзірлеу;
  • Поездардың тартылуына және өндірістік-шаруашылық мұқтаждарына арналған ТЭР мәселелері жөніндегі отын-энергетикалық комиссияның жұмысына қатысу;
  • Тартым түрлері мен қозғалыс түрлері, локомотивтер сериясы, қызмет көрсету учаскелері мен жұмыс аудандары бойынша ТЭР шығысының прогрессивті, ғылыми негізделген, сараланған нормаларын әзірлеуге қатысу;
  • Филиалдың пайдаланушыларымен, қоғамның басқа филиалдарының бөлімшелерімен, ЭДТ АБЖ әзірлеушісімен және иесімен, оның ішінде ЭДТ АБЖ техникалық қолдау диспетчерлік қызметімен, пайдаланушыларды Филиалдағы ЭДТ АБЖ-ға қосу, Локомотив, локомотив депосы және Орталық сервер деңгейіндегі ЭДТ АБЖ-нің жұмыс қабілеттілігі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл ұйымдары бойынша жұмысқа қатысу;
  • Өндірістік емес шығыстар бойынша, шаруашылық және маневрлік қозғалыс локомотивтерін пайдалану бойынша, филиалдың дизель отыны лимиттерінің шығысы бойынша және локомотивтер бойынша ТЭР шығысын есепке алу;
  • "ҚТЖ-Жүк тасымалы"АҚ отын-жылу техникалық бөліміне бере отырып, тексеру және тексеру актілері (хаттама, бұйрық, іс-шаралар) бойынша құжаттарды қалыптастыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (локомотивтер); Логистика, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: бейіні бойынша кемінде 2 жыл, не 1-2 сыныпты машинист немесе машинист-нұсқаушы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы