«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Аягөз пайдалану локомотив депосының локомотивтердің техникалық жағдайын бақылау және мониторингі бөлімінің 1 санатты инженер-бағдарламашысы – ЖТ Семей қаласы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Басшылық тапсырмаларын орындау. ККТ(ВКО), ККТ(ОКО) бойынша комиссия құрамына қатысу.Локомотивтердің жоспардан тыс жөндеу түріне кіру жағдайлары бойынша талдауға қатысу. ТЭ33А, ТЭ33АС сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсету бойынша есептілікті жүргізуді бақылау.Локомотивтердегі ППБ бұзушылықтарын есепке алуды бақылау;
- Белгіленген ережелерді сақтау:
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- бағдарламалық және техникалық құралдармен жұмыс кезінде ақпарат;
- компьютерде орнатылған ақпаратты қорғау құралдарымен жұмыс;
- істеу ережелерін білу және орындау;
- бекітілген Ережелерге сәйкес парольді құпия сақтау, оны мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру;
- "корпоративтік антивирустық қорғау жүйесін пайдалану қағидаларының" талаптарын орындау;
- дербес кілт тасығыш жоғалған, пломбалардың тұтастығы бұзылған, ДК бағдарламалық немесе аппараттық құралдарының конфигурациясындағы рұқсатсыз өзгерістер, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық құралдардың қалыпты жұмысындағы ауытқулар, ДК-де орнатылған техникалық қорғау құралдарының дұрыс жұмыс істемеуі жағдайларында бөлімше басшысына хабарлау;
- бекітілген компьютердің аппараттық-бағдарламалық конфигурациясына өзгерістер енгізу жұмыстарында жеке қатысу.
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: Көлік көліктік техника және технологиялар, темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (темір жол көлігі, локомотивтер және локомотив шаруашылығы);
- Мамандық бойынша немесе белгілі бір лауазымда жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша немесе белгілі бір лауазымда кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр