"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"ірі жобаларды іске асыру дирекциясы"филиалының құрылыс басқармасының (айналма Алматы) 16 - грейд менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Компанияның құрылыс объектілерінің бастапқы деректерін SAP PBW және SAP AHP автоматтандырылған жүйесіне енгізуді және Департаменттің жобалар мұрағатын қалыптастыруды жүзеге асырады;
- Динамикасы мен болжамын көрсете отырып, жұмыстарды жүргізу кестелерінің жоспар-фактілік орындалуы бойынша есептерді дайындауды жүзеге асырады;
- Салынған объектілерді қабылдауға дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыларды, жоба бойынша орындалған жұмыстардың сәйкестігі туралы қорытындыны, қабылдау комиссиясын ұсыну үшін объектінің сәйкестігі туралы декларацияны тексереді;
- Теміржол саласы объектілерінің құрылысы аяқталмаған мәселелерді шешу және оларды филиалдардың балансына қабылдау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады және ұйымдастырады;
- Есеп комитетінің компанияның жетекшілік ететін жобалары бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы пайдалану жөніндегі жоспарлы (жыл сайынғы) тексерулерін сүйемелдейді; және басқалар.
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: Менеджмент; Экономика; Маркетинг; Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс; сәулет; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; жерге орналастыру; Машина жасау; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; ақпараттық жүйелер, География және геоэкология; Электр энергетикасы; Геодезия және картография; Гидротехника; Автоматтандыру және басқару; Өндірісті механикаландыру; тау-кен;; Жылу энергетикасы; көлік құрылысы.
- жұмыс тәжірибесі: құрылыс саласында кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру