"БП Ақмола бөлімшесі"ЖШС ғд-1 техникалық бөлімінің жетекші инженері
- Құрылған күні:
- 22.10.2024
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 193
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- станция жұмысының жылдық жоспарын, нақтыланған техникалық және әкімшілік актілерін, технологиялық процестері мен технологиялық карталарын дайындауды, оның орындалуын бақылауды, қайта құрылымдау кезінде станция басшыларына практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді
- станциялардың техникалық және әкiмшiлiк актiлерiнiң және оған қосымшалардың, станциялардың технологиялық процестерiнiң, технологиялық карталардың жергiлiктi жағдайларды ескере отырып, әзiрленген стандартты технологиялық процестерге сәйкес әзiрленуiнiң дұрыстығын тексередi және оларды бекiтуге ұсынады.
- кірме жолдардағы қозғалысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру тәртібі туралы жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеудің дұрыстығын тексереді, олардың уақтылы әзірленуін, оларға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін бақылайды.
- Филиал жұмысы бойынша жергілікті нұсқалықтарды әзірлеуді қамтамасыз етеді
- темір жол станцияларындағы ТЖА (техникалық жарлық актісі) бойынша, станцияларға арналған ТЖА қосымшасының сыныптан тыс, 1, 2, 3 сыныптардың көшірмесінің сәйкестігін бақылайды, және технологиялық жұмыстың техникалық тәртібі бойынша техникалық тексерісін жүргізеді
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгіМамандығы:; «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (темір жол көлігі);
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде, жұмыс өтілі бойынша талап ететін лауазымдар: (1-санатты) инженері / пойыз диспетчері/станция кезекшісі/(технологиялық процессі бойынша станцияның ТЖА (техникалық – жарлық актісі) бойынша АБЖ станция инженері / сонымен қатар АБЖ (автоматтандырылған басқару жүйесі) бойынша станциялық технологиялық ақпарат құжаттарын өңдеу және пойыз тасымалдау туралы ТЖА станция орталығының бастығы қызметінде кемінде 1 жыл болуы шарт.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр