Қаржылық талдау және айналым капиталын басқару жөніндегі функционалдық бағыттың (16 грейд)менеджері: "Жолаушылар тасымалы"АҚ қаржы және бюджет қаражатын бақылау департаменті
- Құрылған күні:
- 08.11.2024
- Берілген өтінім:
- 19
- Қаралған саны:
- 287
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы не республикалық бюджеттен бөлінетін қарыздар беру арқылы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетігі бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс істейді.
- Уәкілетті мемлекеттік органдарда жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуы не республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттік қарыздар беру арқылы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетігін қорғау мақсатында техникалық-экономикалық және қаржы-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге қатысады.
- Қаржы лизингі арқылы бюджет қаражаты есебінен ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетігі бойынша мемлекеттік органдармен, "ҚДБ" АҚ, "өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-мен жұмыс істейді.
- Қоғамның қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кредиттік ресурстарды тарту бойынша отандық және халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істейді.
- Қоғамның кредиттік ресурстарын тартуға кредиттік шарттар, қаржы лизингі шарттары, банктік қарыз шарттары жасасады.
- Қоғамның қолданыстағы кредиттік міндеттемелері бойынша уақтылы төлемдерді және қоғамның еншілес ұйымдарының уақтылы төлемдеріне мониторингті жүзеге асырады.
- Жасалған кредиттік шарттар шеңберінде қоғамның және қоғамның еншілес ұйымдарының қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді.
- Қоғамның еншілес ұйымдарының кредиттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг және кредиттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
- Қоғамның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған бюджеті мен даму жоспарын қалыптастыру үшін қоғамның кредиттік бюджетін қалыптастыру және түзету жөніндегі жұмысты, қоғамның кредиттік бюджеттің атқарылуына мониторинг пен талдауды ұйымдастырады.
- Бюджетке кірістер мен шығыстарды есептеу әдісімен қоғамның кредиттері бойынша қаржыландыруға арналған шығыстарды және қоғамның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған даму жоспарын және олардың орындалуына мониторингті қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент, маркетинг.
- Жұмыс тәжірибесі: Мамандық/қызмет саласы бойынша саласында кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр