«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының әлеуметтік - еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы (НОД-10)

от 200967
НОД-10 (Кызылординское отделение ГП) Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
61

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қызметкерлерді  қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды және жеке құрам бойынша басқа да бұйрықтарды, еңбек шарттарын жасауды, қызметкерлердің жеке істерін және басқа да кадрлық құжаттаманы ресімдейді, барлық жеке бұйрықтарды таныстырады;
  • аттестаттауды өткізуге қажетті құжаттарды дайындау (аттестатталушылардың тізімін жасау, аттестаттау туралы хабарламалармен танысу);
  • мемлекеттік құпияларға жіберу үшін қызметкерлердің құжаттарын дайындау және ресімдеу (наркоға және психиспансерлерге жолдама беру, қызметкерге және оның барлық отбасы мүшелеріне қажетті нысан бойынша сауалнамаларды ресімдеу және арнайы бөлімге тапсыру);
  • келісу комиссиясы үшін құжаттарды дайындау және келіп түскен шағымдарды қарау комиссиясын ұйымдастыру;
  • Жергілікті актілерге сәйкес филиалда құрылатын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қарау жөніндегі комиссия үшін құжаттарды дайындау;
  • еңбек шарттарын порталға енгізу www.enbek.kz.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; қоғаммен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және / немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы