«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаменті еңбек қатынастары және кадрларды әкімшіліктендіру бөлімінің кадр жөніндегі 2 категориялы маманы
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Жұмыскерлердің жеке құрамын есепке алуды жүргізу, ЕШ, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді ресімдеу, еңбек қатынастарын бұзу және тоқтату;
- Персоналды есепке алуды жүргізу және персоналды есепке алу бойынша автоматтандырылған жүйеге және www.enbek.kz порталына уақтылы өзгерістер енгізу (Электронды еңбек биржасы);
- Жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауын бақылау, кіру турникеттерінің жұмысын талдау, жұмыскерлердің өткізу режимі қағидаларын сақтауы;
- Персоналды есепке алу (қабылдау және бұзу, демалыс және іссапарлар, жұмыс уақытын есепке алу табелі және т.б.) бойынша автоматтандырылған жүйелерде адам санының, кадрлық іс жүргізу процестерінің қозғалысы бойынша ай сайынғы жиынтық есептерді автоматтандыруды енгізу және орындау;
- Жұмыскерлердің жеке істерін жасақтау және жүргізу, оларға өзгерістер енгізу;
- Қоғамның еңбек қатынастары және кадрлық әкімшілендіру саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындау.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық/экономикалық/құқықтық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес (қызметкерлерді басқару және еңбек қатынастарын ретке келтіру саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : болғаны дұрыс
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР Заңдарын: «Кәсіподақ туралы», «Акционерлік қоғам туралы» өз уәкілеттігі аясында білуі;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеруі;
- Кадр құжаттарын ресімдеу қағидасын, есеп жүргізу және есеп жасақтау тәртібін білуі;
- Қызметкерлерді басқару мәселесі бойынша ішкі копроративтік құжаттарды дайындау дағдысының болуы;
- Персоналды есепке алу саласында кадр аудитін, тексерулерді, ішкі тексерулерді жүргізу, есептер жасақтау дағдылары;
- Қарым-қатынастың (ауызша, жазбаша) және тиімді тұлғааралық өзара әрекет етудің жоғары деңгейі, персоналдың келіссөздер жүргізу дағдылары;
- Іскерлік қарым-қатынас этикасын білуі;
- Еңбек тәртібінің қағидасын білуі;
- Төтенше жағдайлар орын алған кезде әрекет ету схемасын білуі;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау негіздерін, қағидалары мен нормаларын білуі.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және қолдау бойынша жұмыс дағдылары;
- Жүйелік әкімшілік немесе тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) ППП-мен жұмыс дағдыларының деңгейі;
- Офистік ұйымдастыру техникасымен жұмыс жасай білуі;
- Өз уақытын басқару дағдыларын білу және қолдана білуі;
- Ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Жұмыс шарттары:
Место работы: «Ембімұнайгаз» АҚ
График работы – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының әлеуметтік - еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы (НОД-10)
НОД-10 (Кызылординское отделение ГП) | Еңбекпен толық қамтылу
| Қызылорда облысы
14.11.2024 | 63
от 200967
"ҚТЖ-Қостанай Жүк тасымалы бөлімшесі"ЖШС филиалының Увальный разъезімен, 373 км блок-постымен біріктірілген Тобыл станциясының әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) | Еңбекпен толық қамтылу
| Қостанай облысы
13.11.2024 | 373
282234 - 295710
БҚК кадрлар секторының бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс уақытына уақытша лауазым)
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
06.11.2024 | 454