Адами ресурстарды басқару департаментін интеграциялау бойынша 19 грейд бас менеджері
Лауазымдық міндеттері:
- Компанияда адами ресурстарды басқару саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу мақсатында HR функцияларын жетілдіруді жүзеге асырады;
- HR процестерін тиімді ұйымдастыру және үйлестірілетін мәселелер бойынша Компания шығындарын оңтайландыру мақсатында HR процестерін автоматтандыру бойынша бастамаларды әзірлейді;
- HR басшылары үшін мотивациялық KPI/мақсаттарды әзірлеуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша кадрлық аудитті ұйымдастыруды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оның жүргізілуіне қатысады; KPI қалыптастыру бойынша жергілікті актілерге сараптама жүргізеді;
- HR мәселелері, біріктірілген жылдық есеп бойынша анықтамалық және талдамалық материалдарды, есептерді қалыптастырады;
- Мемлекеттік органдармен, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен, сондай-ақ басқа да сыртқы және ішкі стейкхолдерлермен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады, әлеуметтік-еңбек мәселелері, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштерге жауап дайындауды бақылайды; Департаменттің құзыретіне кіретін ESG деректері бойынша есепті қалыптастырады және жинақтайды;
- Адам құқықтары, кадрлық аудит бойынша жергілікті актілерді әзірлейді.
Біліктілік талаптардың сипаттамасы:
Білімі*: жоғары, келесі мамандықтар бойынша: құқықтану, әлеуметтік жұмыс, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, еңбек ұйымдастыру және нормалау, қоғаммен байланыс, социология, саясаттану, персоналды басқару және/немесе теміржол саласына қатысты мамандықтар.
Қалаулы талап: лауазымның бейініне сәйкес магистр дәрежесінің немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша кемінде 5 жыл.
Басшылық қызметте: кемінде 3 жыл.
Практикалық тәжірибе: HR жетекшілері үшін мотивациялық KPI карталарын әзірлеу және/немесе теміржол және көлік саласындағы кәсіпорындарда және/немесе халықаралық компанияларда HR қызметінде жұмыс істеу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар

