Комплаенс-контролер АО «KTZ Express»
- Құрылған күні:
- 19.07.2023
- Берілген өтінім:
- 209
- Қаралған саны:
- 2533
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері бойынша ішкі және сыртқы реттеу талаптарын сақтауын бағалау;
- Комплаенс-функциялар мәселелері бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ компаниялар тобы бойынша коммуникацияны және оқытуды қамтамасыз ету;
- Комплаенс саласында әдіснаманы әзірлеу және енгізу;
- Бастамашылық ақпараттандыру желісін енгізу;
- Комплаенс-тәуекелдерді бағалауды жүргізу;
- Қызметтік тергеу жүргізу;
- Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: экономика және / немесе аудит және / немесе құқықтану.
- Жұмыс тәжірибесі: экономиканың нақты секторында белсенді ірі холдингтік компанияда, тау-кен өндіру немесе қайта өңдеу өнеркәсібі компаниясында, энергетикада, машина жасауда, көлік-логистика немесе банк саласында кемінде 5 жыл, комплаенс саласында кемінде 3 жыл (егер комплаенс функциялары болса, ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, заңмен сүйемелдеудің ішкі аудиті бөлімшелерін қоса алғанда мұндай бөлімшелер арнайы комплаенс-қызмет болмаған кезде орындады).
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр