«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің еңбек жөніндегі жетекші экономисті
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.Лауазымдық міндеттемелер:
1. Еңбек жөніндегі салааралық, салалық және басқа да прогрессивті нормативтерді, сондай-ақ жабдықтардың өнімділігі туралы техникалық деректер, еңбекті ұйымдастырудың неғұрлым өндірістік тәсілдері мен әдістерін қолдану кезінде жұмыс уақытының шығындарын талдау нәтижелері арқылы есептелетін жергілікті нормаларды пайдалану негізінде бөлімшеде орындалатын жұмыстардың әр түрі бойынша нақты өндірістік техникалық шарттарға қатысты еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын әзірлеу және енгізу.
- Бөлімшедегі еңбекті нормалаудың жай-күйін, еңбек нормаларының дұрыс қолданылуын, оларды әзірлеу кезінде көзделген ұйымдық-техникалық шарттардың сақталуын, нормалардың негізділігі мен маңыздылық дәрежесін бақылау, олардың сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізу, бірдей ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын біртекті жұмыстарда нормалардың тең маңыздылығын қамтамасыз ету.
- Ескірген және қате белгіленген нормаларды анықтау мақсатында қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру, оларды ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың енгізілуіне қарай жаңамен, неғұрлым прогрессивтісімен уақтылы ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу.
- Жұмыскерлер санын анықтау, нақты санның нормативтен ауытқуын және ауытқу себептерін анықтау, нормативтен тыс санды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- Еңбек өнімділігін арттырудың жүйелі анықталған резервтерін жүзеге асыру.
- Бөлімшеде еңбекті және жалақыны ұйымдастыруға қатысты еңбек заңнамасының сақталуын бақылау.
- Бөлімшені басқару құрылымының жобасын әзірлеуге және бекітуге қатысу.
- Еңбек жөніндегі нормативтік материалдардың дұрыс қолданылуын бақылау (жұмыстардың разрядтары, қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқулар болған кезде өндірісті, тоқтап қалуды, қосымша ақыларды есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды ресімдеу кезінде тарифтік ставкалар және т.б.).
- Жалақы қорын құру және бөлу тетіктерін әзірлеу. Жалақы қорының жұмсалуын есептеу және талдау.
- Өз құзыреті саласында еңбек және жалақыны есепке алу бағдарламасына деректерді енгізуді жүзеге асыру.
- Еңбек және жалақы бойынша есептілікті белгіленген мерзімде жасау.
- Еңбекақы төлеу, қор құру және қор бөлу жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
- Еңбек және жалақы бойынша перспективалық және жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеу, белгіленген мерзімде есептеулері мен негіздемелері бар жедел жоспарлар жасау.
- Шығарылатын өнімнің өзіндік құнын, жалақы бөлігінде жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құнын төмендету мүмкіндігін анықтау мақсатында өндірістік қызметті талдау.
- Еңбек және жалақы бойынша көрсеткіштерді есепке алу және талдау.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары қаржы-экономикалық білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес (еңбекке ақы төлеу және нормалау саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : 3 жылдан кем емес
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбекті нормалау және ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдарды;
- Еңбек экономикасын;
- Еңбек және жалақы, еңбек өнімділігі, ұжымның әлеуметтік дамуы бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібі;
- Еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру формалары мен жүйелері;
- Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтары және қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары;
- Жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу және еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес лауазымдық жалақыларды (ставкаларды), басқа да төлемдерді белгілеу тәртібі;
- Еңбек және жалақы бойынша көрсеткіштерді есепке алу және талдау әдістері.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Команда жұмыс жасай білуі;
- MS Office. (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) бағдарлама қосымшаларымен тәжірибелі тұтынушы деңгейінде жұмыс жасай білуі;
- Офистік оргтехникамен жұмыс жасай білуі.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру