"Жолаушылар тасымалы "АҚ"Экспресс" филиалының еңбекті қорғау және экология қызметінің ЕҚ және ТБ жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, үйлестіруді және жоспарлауды жетілдіру, еңбекті қорғау жай-күйін бақылау, еңбекті қорғаудың жай-күйін есепке алу, талдау және бағалау, еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
- Еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жоспарлау;
- Жоғары тұрған инстанциялардың еңбекті қорғау жөніндегі, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі және инспекциялаушы органдардың нұсқамаларын орындау жөніндегі нұсқауларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және филиал басшылығының қарауына ұсыну;
- Ұжымдық шартты дайындау кезінде еңбек қауіпсіздігіне байланысты бөлімдерді әзірлеуге қатысу;
- Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және еңбек жағдайларын одан әрі жақсартуға ықпал ету;
- Өндірістік жарақаттануға талдау жүргізу және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жазатайым оқиғаларды және еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру және есепке алу қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу және материалдарды ресімдеу;
- Өндірістегі жазатайым оқиғалардың есебін жүргізу, белгіленген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті жасау және ұсыну;
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары
- Саладағы мамандық: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Құқықтану, Менеджмент, Халықаралық қатынастар, Кеден,, Еңбекті қорғау, Қолданбалы экология.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

