«ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» Қазынашылық департаментінің айналым капиталын басқару жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері (14 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қаржылық есептілік негізінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының есепті кезеңдегі дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы мәліметтер базасын ай сайын құрастыруды жүзеге асырады;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының контрагенттер бойынша есепті кезеңдегі проблемалық дебиторлық берешегі туралы мәліметтер базасын қалыптастырады;
- Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының топ ішіндегі дебиторлық берешегін (100% резервті қоса алғанда) және кредиторлық берешегін (соның ішінде мерзімі өткен кредиторлық берешекті) бақылайды және талдайды;
- Есепті кезеңдегі Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының әрбір айдағы өзгерістері (құрылған/өтілген/есептен шығарылған) туралы ақпаратты қамтитын проблемалық дебиторлық берешек туралы тоқсан сайынғы есепті жасайды;
- Есепті кезең үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарына дебиторлық берешек бойынша операциялық деректер базасының ай сайынғы жиынын қалыптастырады;
- Қадағаланатын құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі бойынша KPI-ді кейіннен бекітумен қарайды, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды;
- Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының саудалық дебиторлық және кредиторлық берешектерінің айналымдылық коэффициенттерін есептейді;
- Қоғамның болжамды балансын қалыптастыру үшін қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңге Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының дебиторлық және кредиторлық берешектерінің болжамын қалыптастырады
- Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының проблемалық дебиторлық және кредиторлық берешектері бойынша Қоғамның дебиторлық және кредиторлық берешекпен жұмыс жөніндегі комиссиясының отырысына енгізу үшін қорытындылар дайындайды.
- Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің және Қоғамның еншілес ұйымдарының үмітсіз дебиторлық берешегін есептен шығару туралы өтініштерді қабылдайды және тексереді.
- Бюджетті және Қоғамның даму жоспарын қалыптастыру үшін жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер аясында күмәнді дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтер туралы мәліметтерді қабылдайды және қарайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару;
- Еңбек өтілі: қызмет саласында 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
