Аға локомотив диспетчері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Локомотивтер мен локомотив бригадаларының жоспарда белгіленген қозғалыс көлеміне тиімді және ұтымды пайдалануын ескере отырып, пойыздарғауақытылы жеткілуіне жедел бақылауды жүзеге асыру
2.Локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысының бұзылуына әкеп соқтыратын поездардың кешігуі кезінде локомотивтер бойынша поезд диспетчерімен, бөлім бойынша кезекшімен және өз аймағының көлік басқармасының поезд диспетчерімен бірлесіп, участкілер арқылы өтуді жеделдету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
- Бүліну немесе істен шығу салдарынан локомотивтерді ағытып алу, жолда бүліну және пайдаланатын парктін азаюына әкеп соқтыратын басқа да себептер кезінде жөндеу депосымен, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің қызметкерлерімен бірлесіп жөндеуден, техникалық қызмет көрсетуден және жабдықтан шығаруды жеделдету есебінен локомотивтер паркін пайдалануға толықтыруға шаралар қабылдайды, сондай-ақ локомотивтер паркін жөндеуден, техникалық қызмет көрсетуден және жабдықтаудан шығарыду жеделдету есебінен және поездардың қозғалыс кестесін бұзуға акеп соққан жағдайлардың мән жайларын анықтау
- Локомотивтерді жоспардан тыс жөндеу түрлеріне қою себебін және оларды одан әрі пайдалануға беруді анықтайды.
- Локомотивтерді жөндеу базаларынан, сондай-ақ ыстық немесе суық күйде қайта орналастырылған локомотивтердің уақытылы ілгерілеуін қамтамасыз етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар

