инженер-әзірлеуші

ТОО "Центр развития цифровой экономики" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
121

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Деректермен жұмыс істеу үшін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, қолдау және оңтайландыру, архитектураны жобалау, өнімділікті және масштабталуды жақсарту.
  • Ішкі және сыртқы көздерден деректерді жинау, интеграциялау және өңдеу, заманауи ETL/ELT технологиялары мен құралдарын пайдалану.
  • Деректерді модельдеу, аналитика және есептілік үшін дайындау, валидациялау және трансформациялау процестерін жобалау және жүзеге асыру.
  • Деректер қоймасын басқару, мониторинг, сұрауларды оңтайландыру, қателерді жою, деректердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Деректерді құрылымдау тәсілдерін әзірлеу және енгізу, олардың классификациясы, категориялануы және талдауға ыңғайлы сақтау схемаларын жасау.
  • Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, деректерді әртүрлі модульдер мен платформалар арасында маршрутизациялау және беру үшін API жобалау және жүзеге асыру.
  • Деректерді визуализациялау, мониторинг және деректер базасын басқару үшін frontend-интерфейстерді әкімшілендіру және әзірлеу, пайдаланушы тәжірибесін (UX/UI) баптау.
  • Қолданылатын деректер базалары мен қосымшалардың серверлік бөлігін қолдау үшін backend-логиканы әзірлеу және оңтайландыру, деректер қоймаларымен өзара әрекеттесуді баптау, бизнес-логиканы жүзеге асыру және деректер ағындарын басқару.
  • Деректерді өңдеу процестерін автоматтандыру, скрипттер жазу және қол еңбегін азайту үшін жұмыс процестерін оркестрациялау.
  • Ақпараттық жүйелердің сенімділігін, өнімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деректерді қорғау және регламенттерді (GDPR, PCI DSS және басқалар) сақтау.
  • Ақпараттық жүйелер арасындағы интеграциялық өзара әрекеттесуді жобалау, прототиптеу және сипаттауға қатысу.
  • Деректерді басқару қызметтерін әзірлеу және қолдау.
  • Деректерді сақтау және беру процестерін әзірлеу.
  • Өз құзыреті шеңберінде тәуекелдерді басқару шараларын жүзеге асыруға қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары (ақпараттық жүйелер және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу) білім.
  • IT және цифрландыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Білуі тиіс: осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар мен құралдар (Microsoft Office, PostgreSQL, NoSQL, JavaScript, Python, ETL процестері, VueJS, React, HTML, CSS).
  • Vue.js (Composition API) бойынша терең білім және жұмыс тәжірибесі.
  • JavaScript(ES6+)/TypeScript, HTML5 және CSS3-ті сенімді меңгеру.
  • Сборка және оңтайландыру құралдарын (Webpack, Vite) сенімді меңгеру.
  • Git (GitLab) нұсқаларды басқару жүйесін білу; REST API-мен жұмыс тәжірибесі.
  • Қосымша архитектурасын жобалау, модульдер мен компоненттерге бөлу қабілеті.
  • JavaScript(ES6+)/TypeScript.
  • Vue 3/Quasar.
  • Vite.
  • Pinia.
  • OAuth2.0, SSO.
  • SheetJS.
  • MinIO.
  • Git, Gitlab, Docker, Gitlab CI/CD білу.
  • Жеке құзыреттер: аналитикалық ойлау, шығармашылық, командада жұмыс істей білу, техникалық сауаттылық.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру.
  • Жұмыс режимі 5/2.